Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫ: ӘРБІР ҮЙГЕ ТАЗА СУ

ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫ: ӘРБІР ҮЙГЕ ТАЗА СУ


     Қармақшы ауданына қарасты елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етуге байланысты 2017 жылға барлығы 6 жобаны іске асыруға 349,4 млн теңге   қаралған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында аудан әкімі С.Мақашов мәлімдеді.   
    Атап айтқанда, республикалық бюджеттен «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Дүр Оңғар елді мекенінде тұтынушы үйлердің шекарасына дейін су құбырын жеткізу желілерінің құрылысына 102,2 млн теңге бөлінді. Нысан бойынша құрылыс жұмыстары басталып, 101 тұрғын үйге ауыз су желісі тартылған.  
    - Иіркөл елді мекенінде тұтынушы үйлердің шекарасына дейін су құбырын жеткізу желілерінің құрылысына 34,6 млн теңге бөлінген. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары аяқталып, нысан қабылдау актісімен қабылданды. Облыстық бюджеттен Алдашбай ахун елді мекеніндегі су құбырын тұтынушылар учаскесінің аймағына жеткізу құрылысына 46,1 млн теңге, Қуандария елді мекеніндегі су құбырын тұтынушылар учаскесінің аймағына жеткізу құрылысына 34,3 млн теңге бөлініп отыр. Қармақшы елді мекеніндегі су құбырын тұтынушылар учаскесінің аймағына жеткізу құрылысына 63,6 млн теңге,  Көмекбаев елді мекеніндегі су құбырын тұтынушылар учаскесінің аймағына жеткізу құрылысына 68,6 млн теңге бөлінді, - дейді С.Мақашов.
    Бұл төрт нысан бойынша құрылыс жұмыстары аяқталып, қабылдау жұмыстары жүргізілген.  Ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесіне байланысты 2017 жылы республикалық бюджеттен «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Жосалы кентінде 2 жобаға 659,1 млн.теңге   бөлініп отыр.  
     «Жосалы кентіндегі тұрғын үйлерге су құбырын жеткізу желілерінің құрылысы» (4 кезек) нысаны бойынша барлығы 1364 үйге ауыз су құбыры кіргізілді. Қазіргі таңда жобада қарастырылмаған үйлерге ауыз су желісі  жүргізілуде.

14 қараша 2017 ж. 296 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области