Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АВТОКӨЛІК ЖОЛДАРЫН ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНА 100 МЛН. ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРЖЫ БӨЛІНГЕН

АВТОКӨЛІК ЖОЛДАРЫН ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНА 100 МЛН. ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРЖЫ БӨЛІНГЕН


    Қармақшыда аудандық маңызы бар «Ақжар-Көмекбаев» автожолының күрделі жөндеу жұмысына жобалық–сметалық құжаттама әзірлеуге және мемлекеттік сараптамадан өткізуге 6,5 млн.теңге қарастырылды. Қазіргі таңда қаралған қаржыға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толығымен аяқталды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды.
    Аудан әкімі С.Мақашовтың мәліметінше ағымдағы жылы автокөлік жолдарын жөндеу жұмыстарына аудандық бюджеттен барлығы 100,6 млн.теңге қаралған.
    - 2017 жылы аудандық бюджеттен 30 млн 614 мың теңге қаржы бөлініп, оның 25 млн.теңгесіне бір шақырым болатын «Самара-Шымкент-Ақтөбе» автожолын жөндеу жұмыстары жүргізілді және қалған 5 млн 600 мың теңге қаржысы елді мекендердің жолдарын қыс-мезгілінде күтіп ұстау жұмыстарына конкурстық процедуралар өтуде. Сонымен қатар, елді мекендердің автокөлік жолдарын жөндеу жұмыстарына 70 млн.теңге қаржы қаралды, - дейді аудан басшысы.  

14 қараша 2017 ж. 215 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области