Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ХАЛЫҚҚА ДЕГЕН ҚАМҚОРЛЫҚ

ХАЛЫҚҚА ДЕГЕН ҚАМҚОРЛЫҚ


Елбасының әр жылғы Жолдауы – тарихи құжат. Қайсысын алып қарасаңыз да стратегиялық маңыздылығы мен белгілі бір мерзімде нақты міндеттер мен мәселелердің шешілуін қамтамасыз етуге бағытталғанын көреміз.
Биылғы Жолдау да осы тұрғыдан сипатталған. Бәрімізді мемлекет пен адамдардың күш біріктіруінің арқасында ғана біз жалпыға ортақ еңбек қоғамын құра алатындығымыз еліміздің еңсесін биіктетіп, ғаламдық өркениет өрісіне шығармақ. Сондай-ақ, Жолдауда Үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіруді тапсыруы, барлық сала бойынша түрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін 1 миллион 300 мың адамның еңбекақысы тікелей қамтылатындығы елдің ішкі әлеуетін арттырады.
Жолдауда адам капиталына байланысты жаңа ұсыныстар айтылып, тың бағыттар көрсетілді. Соның ішінде жұмыссыздық, жалақыны өсіруге байланысты тұжырымдар, білім мазмұнын замана талабына сай құруға қатысты ойлар, жаратылыстану ғылымдары мен ақпараттық технологияларды озық жүйе аясында дамытуға қатысты байыптамалар сала мамандарының көкейінен шығып отыр.
Халық «Бірлік бар жерде тірлік бар» дейді. Елбасының елімізді жауапкершілікке шақыра отырып, жаңа бастама – нұрлы жолымызды қуаттандырғаны мемлекетімізді баянды белестерге бастайды деп сенеміз.

Жандос ӘБЕНОВ,
Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік
бағдарламалар және азаматтық хал актілерін
тіркеу бөлімі басшысының орынбасары.
11 қазан 2018 ж. 70 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области