Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАРМАҚШЫДА КЕЛЕСІ ЖЫЛЫ ҚҰС ФАБРИКАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

ҚАРМАҚШЫДА КЕЛЕСІ ЖЫЛЫ ҚҰС ФАБРИКАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ


    Қармақшы ауданы бойынша «Зәкірлі» деп танылған, «Ақтөбе и К» ЖШС-нің «Өнімділігі жылына 1500 тонна құс фабрикасы» 2016 жылы Өңірлер кәсіпкерлігін дамыту картасына енген жоба болатын. Аталған жоба «Байқоңыр» ӘКК ҰК АҚ-ның қатысуымен  (үлесі 49%) іске асырылуда. Қазіргі уақытта, құс фабрикасының құрылысы басталып кетті.  Кәсіпорынға қажетті сыртқы инфрақұрылымын жүргізудің жоба-сметалық құжаттарын әзірлеу және мемлекеттік сараптамадан өткізуге облыстық бюджеттен 20,0 млн теңге бөлінді. ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға ұсынылды. Жобаның құрылысы барысында 200 адам, іске қосылған кезде 80 адам жұмыспен қамтылатын болады.
    Аудан әкімінің айтуынша құс фабрикасы 2018 жылы іске қосылады.  
    Айта кетейік, ауданда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту динамикасы жаман емес. Қармақшы ауданы бойынша, облыстық Статистика Департаменті мәліметіне сәйкес осы жылдың  1 қазанына дейін 3307 кәсіпкерлік субъектілері тіркелген.  

14 қараша 2017 ж. 284 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области