Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » МАЛ АУРУЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ – МАМАНДАРДЫҢ БАҚЫЛАУЫНДА

МАЛ АУРУЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ – МАМАНДАРДЫҢ БАҚЫЛАУЫНДА


    Қармақшы ауданында жыл басынан бері жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында, аса қауіпті мал ауруларына қарсы екпелер және тексеру жұмыстары атқарылуда. Бұл шараларды атқаруға бюджеттен 75,0 млн. теңге бөлінген.  Оның ішінде: эпизоотияға қарсы іс-шараларды атқаруға 65,2 млн.теңге, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге 1,8 млн. теңге, энзоотиялық ауруларға қарсы егуге 4,3 млн.теңге, ауру жануарларды санитарлық сою мен жою жұмыстарына 0,9 млн.теңге, иесіз ит, мысықтарды жоюға  2,8 млн.теңге.
    - Қазіргі таңда барлық бағдарламалар бойынша қаралған қаржының 82 пайызы игерілді (61,5 млн.теңге). Эпизоотиялық, энзоотиялық ауруларға қарсы егу жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Жалпы алғанда ауданда эпизотиялық ахуал тұрақты. Зерттеулер қорытындысымен анықталған аса қауіпті жұқпалы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруымен ауданның 15 қолайсыз елді мекенінде көктемгі залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді, - дейді аудан әкімі С.Мақашов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.  
    Күзгі залалсыздандыру жұмыстарына, ауданның Тұрмағамбет және Кемесалған елді мекендерінде кене шағу жағдайлары күрт өсуіне байланысты, осы екі елді мекен қосылды.  Қазіргі таңда 17 елді мекендерде күзгі залалсыздандырудың  І және ІІ кезеңдері аяқталып, аудан бойынша залалсыздандырудың тиімділігі 100 пайызды құрады.

14 қараша 2017 ж. 218 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области