Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ТҰРҒЫНДАР МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАНЫҢ ИГІЛІГІН КӨРУДЕ

ТҰРҒЫНДАР МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАНЫҢ ИГІЛІГІН КӨРУДЕ


    Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде  Қармақшы ауданының әкімі С.Мақашов ауданның 9 айында атқарылған жұмыстардың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатын өткізді.
    Оның айтуынша ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі  6 млрд 837 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,4 пайызды құраған.
    - 2017 жылдың 9 айында ауылшаруашылығына салынған инвестиция көлемі    81,7  млн теңгені құрады. Ағымдағы жылы ауылшаруашылығы тауар өндірушілеріне мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп 690,3 млн теңге көлемінде субсидия (егін шаруашылығына 655,7 млн. теңге, мал шаруашылығына 34,6 млн.теңге) есептеліп берілді.   Мал басын көбейту мақсатындағы жұмыстарға мемлекет  тарапынан  «Сыбаға», «Құлан», «Алтын Асық»  бағдарламалар аясында қолдау көрсетіліп келеді.  2017 жыл басынан  «Сыбаға» бағдарламасы аясында 5 шаруа қожалығы 42,1 млн теңге несие алды. Бұл шаруа қожалықтарында 15 адам жұмыспен қамтылды, - дейді аудан әкімі.
    Сонымен қатар, өз қаражаттары есебінен 4 шаруа қожалығы қазақтың ақбас асыл тұқымды бұқаларын алып, тұқымдық түрлендіруге қатыстырылуда.
    Қазіргі таңда «Сыбаға» бағдарламасы аясында 233 бас аналық сиыр, 10 бас бұқа сатып алынып, немесе жоспар 88,9 пайызға орындалды.
    Аудан әкімінің айтуынша «Құлан» бағдарламасымен «Қорқыт елі» несие серіктестігі арқылы Жосалы кентінен ИП «Мырзабаев» 2,9 млн теңге несиеге 10 бас аналық, 1 бас асыл тұқымды айғыр және «Жорта» ШҚ 5,0  млн теңге несиеге 7 бас асыл тұқымды айғыр, 9 бас бие,  Жосалы кентінен «Алмат» ШҚ 6,7 млн. теңге несиеге 2 бас асыл тұқымды айғыр, 24 бас бие   сатып алды  немесе жоспар 69,4 пайызға    орындалды.
    Айта кетейік,  жыл басынан бері елді мекендер бойынша ет, сүт және бақша дақылдарын өндіру және өңдеу бағыттарындағы 16 ауылшаруашылық кооперативтері құрылған.  Қазіргі уақытта, «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы «50 ел» бағдарламасы шеңберінде ет және сүт бағытындағы МІҚ малын көбейтуге 5 кооперативтің 164 мүшесіне 435,1 млн теңге несие беріліп отыр.

14 қараша 2017 ж. 161 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области