Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 100 ЖАҢА ЕСІМ: АҒАШТАН ТҮЙІН ТҮЙГЕН ШЕБЕР

100 ЖАҢА ЕСІМ: АҒАШТАН ТҮЙІН ТҮЙГЕН ШЕБЕР


Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында жастардың үлгі алуына, заманауи Қазақстанның келбетін танытуға мүмкіндік беретін «100 жаңа есім» жобасы ұсынылған. Бұл жоба жайында Мемлекет басшысы «Жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері иелік ете алатын азаматтар болуы үшін оларға үлгі ұсынуымыз керек» деп ескерткен болатын. «Жаңа есім» жобасы өзінің батыры мен ақынын көрсеткісі келетін қалың жұртшылық тарапынан кең қолдау тауып, республикалық маңыздағы үздік тұлғалармен қатар, әрбір облыстың, әрбір ауданның, тіпті әрбір мектептің, ұжымның үздік жүз тұлғасын тізімдеп шығу бастамасы жиі көтерілуде.
Аталған жобаның биыл екінші кезеңі басталып, еліміздің түкпір-түкпірінен үміткерлер ұсынылуда. Солардың бірі Қызылорда облысынан ұсынылып жатқан қолөнер шебері, кәсіпкер Шайхы-Ислам Мағауияұлы
Ұлтымыздың ұсталық өнерін бойына жиған жалынды жас бала күнінен II топ көз мүгедегі. Соған қарамастан, ол көздің жауын алар бұйымдар жасап келеді.
Шайхы-Ислам алты жасынан бастап саз балшықтан, төрт түлік малдың, қора-қопсының көріністерін жасаған. Ұлының талантын байқаған әкесі 2003 жылдың жазында, Арал қаласында тұратын Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Құдайберген Құлманбетовке тапсырады. Содан бері сол кісінің қасында жүріп, зергерлік, ағаш ұсталығы, тері өңдеу, теріге сурет салу, мүйіз суйектен әртүрлі бұйымдарды жасауды үйренді. 2013 жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп халыққа қызмет етуде. Шайхы-Ислам 2012-2015 жылдар аралығында «Ақмешіт» Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінде дизайн мамандығы бойынша білім алды.
Кәсібінің негізгі бағыты – ағаш, мүйіз, теріден тұрмысқа қажетті ыдыс-аяқтар, кәдесый, сувенирлер жасау. Ол 2013 жылы ‹‹Бәріміз бірдейміз-кемсітуді білмейміз›› атты алғашқы републикалық мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өткен байқауда ‹‹Үздік жасампаз›› номинациясын жеңіп алғаны үшін, Арал ауданы әкімінің алғыс хатына ие болды.
2013 жылы 16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының басым бағыты кәсіпкерлік әлеуетін күшейту барысында заманауи үлгілерді еңгізу мақсатында ұйымдастырылған «Үздік жас кәсіпкер» байқауында I-ші дәрежелі дипломымен марапатталды.
2018 жылы Қызылорда қаласында өткен «Өзіңе сене баста!» мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерге арналған көрме-байқауына белсене қатысқаны үшін Облыс әкімі Қырымбек Елеуұлының Алғыс Хатымен марапатталды.
2018 жылы Елбасының «Болашаққа бағдар - рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен ерекше жандардың шығармашылығына арналған Үӏӏӏ облыстық «Жүрек жылуы» өнер фестивалінде «қолөнер» наминациясы бойынша Бас жүлде алған. Шайхы-Исламның бұдан да бөлек биік белестерді бағындарып, үздіктер қатарынан көрініп келеді.
02 қазан 2018 ж. 507 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области