Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АРАЛДА ЖАҢА БАЛЫҚ ӨҢДЕУ ЦЕХЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

АРАЛДА ЖАҢА БАЛЫҚ ӨҢДЕУ ЦЕХЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ


    Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев Қаратерең ауылында болып, жаңа балық өңдеу цехының ашылу салтанатына қатысты. Ауыл халқының қуанышымен бөліскен аудан әкімі «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы негізінде үлкен қолдауға ие болған, өз кәсібін ашып отырған Әшім Жаңайбековтың балық өңдеу цехының ашу рәсімінде сөз алып:
    - Мемлекеттен тарапынан кәсіпкерлерге өте зор қолдау жасалып отыр. Соның негізінде Арал ауданында осындай үлкен, іргелі 8 балық өңдеу, қатыру, терең өңдеу заводтары жұмыс жасап тұр. Әрине, ата кәсібімізді жандандырып, оны дамытамын деген жергілікті жердің азаматтары, Арал ауданының тумалары табылып жатса біз қуанамыз. Қолдан келгенше қолдаймыз. Жаңа мүмкіндіктерге жол ашамыз. Міне, бүгін тағы бір осындай қуаныштың куәсі болып отырмыз. Кәсіп ашып, сол арқылы ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып, заңды түрде жұмыс жасау құптарлық қадам. Өздерңіздің ауылдан шыққан, Әшім Жаңайбековтың де осындай жұмыс бастап жатырғанына біз де тілектестігімізді білдіреміз.,-деп, ақжарма тілегін жеткізді.
    Одан кейін Қаратерең ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Қасым Құлмырзаев та ыстық ықыласын білдірсе, жеке кәсіпкер Әшім Жаңайбеков барлық ауыл тұрғындары мен өзіне қолдау жасаушыларға алғысын айтты.
    Жаңа балық өңдеу цехының лентасын қиған құрметті қонақтар мен ауыл тұрғындары зауыт ішіне еніп, жаңа заманға сай технологиялармен, құрылғылармен жабдықталған балық сақтау, қатыру камераларын аралады.





14 қараша 2017 ж. 260 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области