Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ДЕЛЬФИЙ ОЙЫНДАРЫ: ТАЛАНТТЫ БАЛАЛАР ТАБЫСЫ

ДЕЛЬФИЙ ОЙЫНДАРЫ: ТАЛАНТТЫ БАЛАЛАР ТАБЫСЫ


    Өңірлік коммуникация қызметінде «Ашық Азаматтық Қоғам» ақпараттық-ресурстық орталығы» қоғамдық қорының президенті Әділ Әліқұлов,  №6 есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатының дефектолог-сурдологы Мария  Базар және Қазанғап атындағы Қызылорда мемлекеттік музыкалық колледжінің оқытушысы Перуза Арғынбаеваның қатысуымен брифинг өтіп, онда республикалық ХІІІ ұлттық жастар Дельфий ойындарының қорытындысы айтылды.
    Осы жылғы 1-5 қараша аралығында Петропавл қаласында өткен республикалық ХІІІ ұлттық жастар Дельфий ойындарына облыс жастары қатысты.
    Дельфий ойындары – классикадан бастап қазіргі заманға дейінгі өнердің барлық түрін қамтитын жарыс. Бүгінгі таңда ол өскелең ұрпақтың тәрбиесінде маңызы зор іс-шара болып табылады. Ойындарды өткізу Қазақстанның болашақ мәдени элитасын қалыптастыруға септігін тигізеді.
    Осы ретте Қызылорда облысынан 36 жас қатысып, 5 номинация бойынша (халықтық орындау, декоративті-қолданбалы өнер, домбыра, фортепиано) және ыммен ән орындау сынға түсті.  
    Сонымен қатар, академиялық əн салу номинациясы бойынша екі қатысушыға Қазақстан опера орындаушысы А.Жылтыркөзөвтің арнайы дипломы мен сыйақысы тапсырылып, барлық қатысушылар ХІІІ Ұлттық Дельфий ойындарының дипломанттары атанды.
    Республикалық ХІІІ ұлттық жастар Дельфий ойындары жеңімпаздарының тізімі:
    1. Үздік ыммен əн орындаушыны дайындағаны үшін - Базар Мария Айтжанқызы №6 есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатының дефектолог-сурдологы, алтын медаль.
    2. Ыммен əн орындау - Қуандық Еркебұлан, №6 есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатының оқушысы, алтын медаль.
    3. Халықтық орындау – Ділназ Ташмұхамед, Шиелі ауданы, Н.Бекежанов атындағы ауылдық мәдениет үйінің үйірме оқушысы, алтын медаль.
    4. Декоративті-қолданбалы өнер - Жанна Әбубәкір, Жалағаш аудандық оқушылар үйінің «Дизайн негіздері» үйірмесінің мүшесі, күміс медаль.
    5. Домбыра - Әнел Қарқожақова, Қазанғап атындағы Қызылорда мемлекеттік музыкалық колледжінің студенті, күміс медаль.
    6. Фортепиано - Нұрсұлтан Амангелдіұлы, Қызылорда қаласының өнер мектебінің «Фортепиано» класының оқушысы, күміс медаль.

14 қараша 2017 ж. 272 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области