Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АЙМАҚ БУФЕРЛІК АЙМАҚТАН ШЫҒЫП, МАЛДЫ ЭКСПОРТТАУҒА МҮМКІНДІК БЕРУДЕ

АЙМАҚ БУФЕРЛІК АЙМАҚТАН ШЫҒЫП, МАЛДЫ ЭКСПОРТТАУҒА МҮМКІНДІК БЕРУДЕ


    Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Астанадағы ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өтіп жатқан брифингте мәлімдеді. Мәселен, бүгінде малдың алғашқы партиясы Иранға жөнелтілді. Жыл аяғына дейін осы елге 10 мың бас қой экспортталатын болады. Ал, болашақта экспортқа ет және ет өнімдері шығарылады.
    – Осы аптаның аяғында Иранға баруды жоспарлап отырмыз. Сауда-экономикалық саласында ынтымақтастық және де ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласында бірнеше жобаларды жүзеге асыру бойынша ұзақ мерзімдік келісімге қол қоюды ойластырудамыз. Айта кету керек, соңғы жылдың өзінде ауыл шаруашылығы өнімінің экспорты бізде 48 пайыздан астамға, күріш экспорты 53 пайызға артты. Ет экспортын одан әрі арттыру үшін облыста 2 ет комбинатының құрылысы бойынша жобаларды жүзеге асырудамыз, - деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.
    Сондай-ақ, ет бағытындағы құс шаруашылығы қайта жаңғыруда. Қармақшы ауданында құс фабрикасының құрылысы басталды. Ол 2018 жылы іске қосылады.

18 қазан 2017 ж. 427 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области