Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » МУЗЫКА КОЛЛЕДЖІ 40 ЖЫЛДЫҒЫН АТАП ӨТТІ

МУЗЫКА КОЛЛЕДЖІ 40 ЖЫЛДЫҒЫН АТАП ӨТТІ


    Жуырда «Қазанғап» атындағы Қызылорда музыкалық колледжі өзінің қырық жылдығын атап өтті. Қаладағы Н.Бекежанов атындағы  облыстық драма театрда өткен салтанатты шараға өнер сүйер қауым көптеп жиылды.
     Салтанаттың ашылуында сөз сөйлеген облыстық мәслихат хатшысы Н.Байқадамов колледж ұжымын мерейлі мерекесімен құттықтады.
    Облыстағы музыкалық колледж өзінің шыққан биігімен және тәрбиелеген шәкірттерімен мақтана алады. Бүгінде ҚР Мәдениет қайраткері К.Ботабаев басқаратын білім ошағы республика, облыс, қала көлемінде өтетін мәдени шараларға қатысып келеді.
    Бұл білім ордасында Қазан қаласындағы Татар ұлттық консерваториясының профессоры З.Салихова, М.Әуезов атындағы академиялық драма театр әртісі Ғани Құлжан, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры Т.Тоқжан сынды өнер саңлақтары білім алған. Сондай-ақ, колледж түлектері «Астана опера», «Абай» атындағы Алматы опера және балет театрларында, Астана қалалық және Қызылорда облыстық филармонияларында, «Отырар сазы» оркестрі секілді белгілі өнер ұжымдарында және Қазақ ұлттық университеті, Қазақ ұлттық өнер университеті сынды іргелі оқу орындарында  жемісті еңбек етуде. Елге белгілі Мәдина Сәдуақасова, Алмас Кішкенбаев, Серік Ибрагимов сияқты эстрада жұлдыздары осы оқу орнынан шыққанын атап өткен жөн.
    Шара барысында бірқатар азаматтарға ҚР БжҒМ «Құрмет грамотасы» мен «Алғыс хаты» және облыс әкімінің «Алғыс хаты» берілді.
     Мерейтойлық шараға келгендер музыка колледжінің ұстаздары мен шәкірттері дайындаған концерттен ерекше әсер алып, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.





13 қараша 2017 ж. 295 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области