Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ТЕМІРЖОЛШЫЛАР ЕЛБАСЫ БАСТАМАЛАРЫН ҚОЛДАЙДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ТЕМІРЖОЛШЫЛАР ЕЛБАСЫ БАСТАМАЛАРЫН ҚОЛДАЙДЫ


    Елбасы бастамаларын кеңінен насихаттап, әр теміржолшыға жеткізу мақсатында «Белгі беру және байланыс дистанциясы» бастауыш партия ұйымында кездесу өтті.
     «Нұр Отан» партиясы «Теміржол» филиалының ұйымдастыруымен өткен іс-шарада ақпараттық-насихаттық топ өкілдері Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының және конституциалық реформаның мәні мен маңызын түсіндіріп берді.
    Басқосуға «Нұр Отан» партиясы «Теміржол» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Базара Танбаева, «Белгі беру және байланыс дистанциясы» БПҰ төрағасы Әкімжан Қосанов, ақпараттық-насихат тобы мен дистанцияның бөлім басшылары және қатардағы теміржолшылар қатысты.
    Бұл ретте кездесуге келгендер ел дамуына қарқын беретін жаңа бағдар Елбасы Жолдауы – Қазақстанның Үшінші жаңғыруы туралы ойларын ортаға салып, пікірлерін білдірді. Сөз барысында ел экономикасын дамыту үшін цифрлық технологияларды қарқынды енгізудің маңыздылығы аталып өтілді.
    «Теміржол» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Базара Танбаева Жолдау мен реформаны жан-жақты түсіндіру, талқылау, ой-пікір алмасу ұсыныстар әзірлеуде маңызды қадам екенін айтты. Сондай-ақ, ол қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етудің бірден-бір тетігі осындай түсіндіру жұмыстары екендігіне назар аударып: «Жолдауда көрсетілген басым бағыттар әр қазақстандыққа қатысты тікелей тапсырма. Сондықтан Елбасы бастамаларына әрқайсымыз қолдау білдіріп, оны жүзеге асыруға өз үлесімізді қосуымыз керек», – деді.
    «Белгі беру және байланыс дистанциясы» БПҰ төрағасы Әкімжан Қосанов теміржолшылардың Елбасы бастамасының табысты жүзеге асатынына сенетіндерін, конституциялық реформаны толық қолдайтындарын және оған ерекше азаматтық жауапкершілікпен қарайтындарын жеткізді. Жиынға қатысушылар цифрландыру кәсіпорындар мен жалпы еліміздің бәсекеге қабілеттілігін және халықтың өмір сапасын арттыратын маңызды қадам екеніне айрықша мән беріп, осы жолда аянбай еңбек етуге сөз берді.

13 қараша 2017 ж. 264 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области