Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ ЦИФРЛАНЫП КЕЛЕДІ

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ ЦИФРЛАНЫП КЕЛЕДІ


Арал қаласындағы №83 орта мектеп ауласын қоршауға 10 млн. теңге, жылу жүйесін газға ауыстыруға 15,3 млн. теңге, «Энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру» жобасы аясында мектепті жөндеу жұмыстарына 83,7 млн теңге қаржы бөлініп, жұмыстар жүргізілген. Бұған қоса, Қарақұм мектебі жанындағы интернатқа ағымдағы жөндеу жұмыстарына 9,9 млн. теңге қаржы қаралған. Журналистер сауалына жауап берген аудан әкімі М.Оразбаев білім саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды жеткізді.
2017-2018 оқу жылында ауданда 50 мектеп, 20 мемлекеттік балабақша, 13 жеке балабақша, 19 толық шағын орталық, 30 жарты күндік шағын орталық, 4 мектептен тыс мекеме және 2 колледж жұмыс жасайды. Мектептерге 16357 бала оқуға тартылған. Сонымен қатар, 4946 бала шағын орталықтар мен балабақшаларға, мектептен тыс мекемелерге 1326 оқушы, колледждерде 742 оқушы қамтылған. «Балапан» бағдарламасы аясында 3-6 жас аралығындағы 4615 бала балабақшамен толық қамтылып отыр.
Биылғы ҰБТ қорытындысымен Арал ауданы 85,19 орташа балмен Қызылорда қаласы мен аудандар бөлінісінде үшінші орынға орналасты. Биыл ауданнан 37 «Алтын белгі», 13 «Үздік аттестат» иегерлері анықталды.
Білім саласын цифрландыру біздің басты мақсатымыз болып табылады. Жас ұрпаққа жаңа талаптарды ескере отырып, болашақта сапалы білім алу және креативті ойлау мен техникалық дағдыларын дамыту, білім ұйымдарының материалдық базасын нығайту мақсатында 110 комплекті интерактивті тақта алынып, ауылдық 22 мектепке 5 комплектіден берілді. Мұнымен қоса, 11 мектеп «электрондық күнделік» жүйесімен, 15 мектеп «Білімлэнд» виртуалды оқыту платформасымен онлайн негізінде және 34 мектеп оффлайн негізінде жұмыс жасайды.
№262 мектеп-гимназиясы мен №14 орта мектеп-лицейі және оқушылар үйі робототехника кабинеттерімен қамтылды. Бұған қоса, аудандағы 27 мектеп кең жолақты интернет желісіне қосылып, 231 дана раутерлер «wi-fi» модемі, «электронды күнделік» жүйесімен қамту үшін 230 дана планшеттер, 3D принтер, сонымен бірге «3D модельдеу» мен 12 «Робототехника», «Цифрлық білім беру зертханасы» кабинеттерінің жиынтық құрылғылары алынды.
26 қыркүйек 2018 ж. 424 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области