Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » СУ ЖҮЙЕЛЕРІН ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

СУ ЖҮЙЕЛЕРІН ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ


    Өткен сенбі күні аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Сырдария өзенінің бойында орналасқан ауылдық округтер мен елді мекендерді аралады. Алғашқы болып ат басын Қамыстыбас елді мекеніне тіреген аудан басшысы алдымен өңірдегі сумен қамту жүйелерін қайта жаңғырту және кеңейту жұмыстарымен танысты.
    Жергілікті тұрғындардың игілігіне бағытталған жұмыстарды «Асар» ЖШС жүргізуде. Қуантарлығы, жұмысшы топ бүгінгі күні 16 шақырымға тартылуға тиісті су құбырының 14,7 шақырымын бітіріп те үлгерген. Сонымен қатар, аталған жұмыс төңірегінде 8 арнайы техника жұмылдырылып, 60 адам жұмыспен қамтылған. Ендігі жерде аталған жұмыстарды ел тәуелсіздігінің 26 жылдығы қарсаңында толық аяқтап, ауыл халқын қуанышқа бөлеуді көздеп отырған аудан әкімі, тапсырысты орындаушы компанияға тындырымды істерін тыңғылықты істеуге, әрі жеделдетуге күш салуды тапсырды.
    Мұнан соң, Елбасының "Туған жер" бағдарламасы аясында өткен аудандық "Тал күні" акциясына қатысып, Қамыстыбас ауылдық мәдениет үйінің ауласындағы тал отырғызу рәсіміне өз үлесін қосты


13 қараша 2017 ж. 162 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области