Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «БАЙҚОҢЫР» КЕШЕНІНІҢ БҰРЫН ЖАЛҒА АЛЫНҒАН ЖЕРЛЕРІНІҢ БІР БӨЛІГІ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНА БЕРІЛДІ

«БАЙҚОҢЫР» КЕШЕНІНІҢ БҰРЫН ЖАЛҒА АЛЫНҒАН ЖЕРЛЕРІНІҢ БІР БӨЛІГІ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНА БЕРІЛДІ


    Челябинскіде өткен Ресей мен Қазақстан өңіраралық ынтымақтастығының ХIV форумында «Роскосмос» Мемлекеттік корпорациясының ғарыш қызметі жөніндегі Бас директордың Бірінші орынбасары Александр Иванов пен ҚР Ауыл шаруашылығы Бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағын жалға беру Келісіміне өзгеріс енгізу туралы Хаттамаға қол қойды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі хабарлады.
    Құжатқа сәйкес Ақай және Төретім кенттерінің маңындағы 11,6 мың гектар ресей тарапынан жалға алудан шығарылды және ол жерде әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымды одан әрі дамыту үшін Қызылорда облысына берілді.
    Сондай-ақ, РФ Денсаулық сақтау миинстрі Вероника Скворцова мен ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов  2009 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы ««Байқоңыр» ғарыш айлағын Ресесй Федерациясы жалға алу жағдайында «Байқоңыр» ғарыш айлағы қызметкерлеріне, Байқоңыр қаласының және Төретам, Ақай ауылдарының тұрғындарына,  медициналық қызмет көрсету» Келісіміне өзгеріс енгізу туралы Хаттамаға қол қойды.
    Хаттамада «Байқоңыр» кешенінде, Ақай және Төретам кенттерінде тұратын және жұмыс істейтін қазақстандықтарға медициналық қызмет көрсету жүйесін жетілдіру көзделеді.
     Қол қойылған құжаттар «Байқоңыр» ғарыш айлағы туралы бұрыннан бар екі жақты нормативтік-құқықтық базаны толықтырады әрі  Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын дамытуда маңызды элемент болып табылады.

13 қараша 2017 ж. 235 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области