Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АҚАЙ АУЫЛЫНДА ҚОҒАМДЫҚ МОНША АШЫЛДЫ

АҚАЙ АУЫЛЫНДА ҚОҒАМДЫҚ МОНША АШЫЛДЫ


    Ақай ауылында тағы бір ғимарат бой көтерді. Жалпы құны 40 млн. теңгеге бой көтерген монша «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың біріңғай бағдарламасы шеңберінде «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Байқоңыр филиалынан несиелендірілді. Нысанның салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімі С.Мақашов қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа ғимараттың ашылуымен құттықтаса, Ұлы Отан соғысының ардагері Қ.Жарманов ақ батасын берді.
     Ел сұранысын ескеріп, монша салған «Мир 2001» ЖШС құрылтайшысы, кәсіпкер Сейфулла Ажмолдаев. Іскерліктің ілкімді үлгісін танытқан ол Байқоңыр қаласы, Төретам кенті мен Ақай ауылы тұрғындарына мінсіз қызмет көрсете отырып, келешекте кәсібінің аясын кеңейте түсуге мүдделі.
     Кәсіпкер өз кәсібін 2001 жылы халықты жанар-жағармаймен қамтамасыз ету жұмысымен бастап, 2006 жылы пластик материалынан есік, терезе жасау цехын, 2009 жылы таза табиғи ауыз су шығару цехын, 2013 жылы тротуар, брусчатка және кірпіш шығару зауытын ашып, халыққа қалтқысыз қызмет жасап келеді.





13 қараша 2017 ж. 249 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области