Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » МЕДИЦИНА САЛАСЫНЫҢ МАЙТАЛМАНЫ

МЕДИЦИНА САЛАСЫНЫҢ МАЙТАЛМАНЫ


    Қызылорда облысының қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен Қызылорда медициналық колледжінің мәжіліс залында белгілі медицина маманы Ернияз Омаровтың 85 жасқа толуына орай «Медицина саласының майталманы» тақырыбында кездесу өтті.
    Өңірдің медицина саласын дамытуға үлес қосқан Ернияз Омарұлының өмір жолын кейінгі ұрпаққа өнеге ете отырып, жастарды еңбексүйгіштікке, адамгершілік пен азаматтыққа тәрбиелеуді көздеген шарада Қызылорда облысының қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік архивінің басшысы Г.Ахметова Ернияз Омарұлының архив қорындағы жеке тектік құжаттарына тоқталып өтті.
    Шара барысында медициналық колледж директоры Салтанат Тасмағамбетова, қалалық аурухананың бас дәрігері Бауыржан Төлегенов, қалалық аурухананың ардагері Есентай Бейсетаев Ернияз Омарұлының қызметі жайлы айтса, колледж ардагерлер кеңесінің төрағасы Ахмет Шарапатов студенттік кезеңіне тоқталып өтті. Қатысушылар қонақтарға сұрақтар қойып, пікір алмасты.
    Шара соңында колледж оқушылары Ернияз Омарұлына арналған өлең шумақтарын орындап, ән-жырдан шашу шашты. Сый-сияпат көрсетілді.
    Медицина саласының белгілі маманы Ернияз Омарұлы өзіне көрсетілген құрметке алғысын жеткізіп, ұйымдастырушыларға жылы лебізін білдірді.


13 қараша 2017 ж. 244 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области