Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 15 МИЛЛИОН БАЛЫҚ ШАБАҒЫ АЙДЫНДАРҒА ЖІБЕРІЛДІ

15 МИЛЛИОН БАЛЫҚ ШАБАҒЫ АЙДЫНДАРҒА ЖІБЕРІЛДІ


    Қызылорда облысы аумағында Кіші Арал теңізі мен жалпы көлемі 44,0 мың гектар болатын 196 су айдыны бар.  Осылардың басым көпшілігі балық шаруашылығын жүргізу мақсатында 124 балық шаруашылығы субъектілеріне бекітілген.
    Бұл туралы Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Ғалымжан Орақбаев хабарлады.
    Облыстың су айдындарына осы жылға бөлінген балық аулау лимиті 7805,7 тонна құраса, 9 айда оның тең жартысы игерілді.
    «Жануарлар дүниесі ресурстарын сақтауды, өсімін молайтуды және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде биыл балық ресурстарының өсімін молайту бойынша көрсетілетін қызметтерді бақылау мен қабылдауды ұйымдастыру мақсатында, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бұйрығына сәйкес, Қамыстыбас балық питомнигінен  Кіші Арал теңізінің  Қаратүп, Шағалалы қойнаулары мен Қамыстыбас көліне 15 млн. 220 мың балық шабағы жіберілді.

13 қараша 2017 ж. 709 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области