Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » МӘҢГІЛІК ЕЛ ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ

МӘҢГІЛІК ЕЛ ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ


Мемлекет басшысыН.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы – келешекке айқын бағыт сілтейтін құнды құжат. Қазіргі жаһандану заманында әрбір ұлттың өзінің ұлттық рухани болмысын іздеуі – заңдылық.
Шиелі ауданында аталған бағдарлама аясында биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында 200-ден астам іс-шара ұйымдастырылып, 36 жоба жүзеге асырылды. Бүгін «Ақпарат толқыны» кіші бағдарламасы бойынша ауданымызда атқарылған жұмыстарға тоқталамыз.
Кіші бағдарлама аясында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына енгізілген сырбойылықтарды ұлықтау, халық арасында кеңінен насихаттау шаралары кеңінен жүргізілуде. Бағдарламаны ақпараттандыру мақсатында жергілікті баспа басылымдарда арнайы тақырыптық айдарлар ашылып, 400-ден аса мақалалар, очерктер жарияланды. Бұған қоса, 50-ден аса телевизиялық жобалар, 100-ден аса хабарлар таратылды.
Елбасының мақаласы туралы ақпарат Шиелі кенті орталығында және ауылдық елді-мекендерде орналасқан көрнекі құралдарда (бильборд) насихатталған. Сонымен қатар, «Рухани жаңғыру» тұғыры орнатылып, арнайы көрнекі тақта жасалды. Газет айдарлары, көрнекі үгіт-насихат құралдарында латын графикасымен жазу кеңінен жүзеге асырылып келеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының тарихи мәні Қазақстандықтардың рухани жаңғыруы мен туған жердің киесін ұғыну, ұлттық кодтан ажырамау болып табылады.

Ж.БАЙМҰРАТОВА,
Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы
20 қыркүйек 2018 ж. 947 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области