Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АЙМАҚ БАСШЫСЫ РЕСЕЙДЕІ БІЛІМ АЛЫП ЖАТҚАН СЫРБОЙЫЛЫҚ ЖАСТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

АЙМАҚ БАСШЫСЫ РЕСЕЙДЕІ БІЛІМ АЛЫП ЖАТҚАН СЫРБОЙЫЛЫҚ ЖАСТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ


    Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Ресейге жұмыс сапары барысында Мәскеу мен Санк-Петербург қалаларында білім алып жатқан сырбойылық жастармен жүздесті.
    Өңір басшысы емен-жарқын жүздесуде жастардың жағдайына қанығып, білім мен техниканың қазіргі жетістігі, сыртта білім алып жатқан жастарды жұмыспен қамту жайлы ойын айтты. Сонымен қатар, облыс басшысы жастарға қазан айында Мемлекет басшысының аймаққа жасаған сапарының қорытындысы  мен облыстың дамуын айқындайтын бастамалар туралы айтып берді. Жалпы Ресейде білім алып жатқан жастармен кездесіп, ой бөлісу дәстүрге айналғанын айт кетейік.
    Осы күні Ресей Федерациясындағы  ҚР елшілігінде Қызылорда облысы әкімдігі мен М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Мәскеу ұлттық технология университеті, И. Губкин атындағы мұнай және газ университеті, К. Тимирязев атындағы Мәскеу аграрлық академиясы  арасында меморандумға қол қойылды.
    Осы келісімге сәйкес келер жылдан бастап М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті физика-математика және механика-математика мамандықтары бойынша сырбойылық жастарға 20 грант бөліп отыр.

11 қараша 2017 ж. 261 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области