Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БИЛІК ПЕН БҰҚАРА АРАСЫ ЖАҚЫНДАЙ ТҮСПЕК

БИЛІК ПЕН БҰҚАРА АРАСЫ ЖАҚЫНДАЙ ТҮСПЕК


ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Арман Бердалин мен Қызылорда облысы бойынша департамент басшысы Абзал Мұхимов жұмыс сапарымен Арал ауданында болды.
Департамент басшылары алдымен әкімдіктің мәжіліс залында аудан активімен кездесті. Кездесу барысында сөз алған Арман Бердалин еліміздегі халық пен билік арасындағы байланысты нығайту, мемлекеттік аппараттың беделін көтеру және мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру мәселелеріне кеңірек тоқталды.
Жиынға қатысушылар қозғалған мәселелерге байланысты ой-пікірлерін білдіріп, сұрақтарына тұщымды жауап алды.
Мұнан кейін агенттік өкілдері жуырда пайдалануға берілген Арал аудандық өрт сөндіру бөлімінің жаңа ғимаратымен танысып, сала қызметкерлерімен кездесті.
Сапар Шижаға ауылында және Қамыстыбас елдімекеніндегі «Қамбаш» олимпиадалар және қосымша білім беру орталығында жалғасты.
Елді мекендердегі жергілікті қауымдастық мүшелерінің, ауыл тұрғындарының және оқушылардың қатысуымен өткен жиында А. Бердалин әрбір азамат «Фейсбук» әлеуметтік желісі және «Телеграмм» мессенджері арқылы тікелей Агенттік төрағасы А.Шпекбаевқа сұрақ қойып, өтініш қалдыра алатындығын жеткізді.
Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында елімізде атқарылып жатқан жұмыстар туралы пікірлесті.
Жиын соңында ауыл ақсақалдары мен жас буын өкілдері агенттік өкілдеріне ризашылықтарын жеткізді.
16 қыркүйек 2018 ж. 24 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области