Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «ҚЫС-2017» ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ДАЙЫНДЫҒЫ ӨТТІ

«ҚЫС-2017» ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ДАЙЫНДЫҒЫ ӨТТІ


    Аралда Қызылорда облысы әкімінің нұсқаулығына сәйкес «Қыс – 2017» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді. Шара аясында төтенше жағдайларды жоюға жұмылдырылатын 140 адам мен 33 бірлік техникасы бар азаматтық қорғау қызметтері, кәсіпорындар мен авариялық-құтқару қызметтерінің күш-құралдарының дайындығы тексеріліп, «Арал-Сарыбұлақ топтық су құбыры» өндірістік бөлімшесінде саптық қарау өткізілді.
    Сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасары М.Мейірбеков оқу-жаттығу шарасына қатысушыларға арнайы әзірленген тапсырмалар беріп, дайындық деңгейін бақылады.
    Мұнан соң, аудандағы су тасқыны кезінде су алу қауіпі бар Аманөткел ауылының дайындық барысы пысықталды. Белгілі болғандай, елді мекенде 1эвакуациялық жинақтау пункіті жұмыс жасайды. Төтенше жағдай орын алған жағдайда қажетті техникаларға 3 тонна дизель және 2 тонна жанармай қоры жасақталып, қауіпті тұстарды топырақпен нығайту жұмыстарына 12 мың дана қап, 1500 дана пашын, 2500 дана қамыс қорлары жинақталып, азық-түлік, дәрі-дәрмек және басқа да қорлармен қамтамасыз етуге келісім жасалды.
    Биыл төтенше жағдайлардың алдын алуға жергілікті бюджеттен 39 121,0 мың теңге қаржы қаралып отыр.


10 қараша 2017 ж. 294 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области