Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ІЗГІЛЕНДІРУ ЗАҢЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

ІЗГІЛЕНДІРУ ЗАҢЫН ТАЛҚЫЛАДЫ


Байқоңыр қалалық пробация қызметі бөлімі, қалалық соты мен Байқоңыр қаласының прокуратурасы қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен семинар-кеңес өтті.
Онда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнама мен құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР 2018 жылғы «12» шілдедегі №180-VI Заңымен 2018 жылғы 31 шiлдеден бастап қолданысқа енгізілген ҚР Заңын қолдану тәртіптері жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ, құзырлы орган өкілдері өз ойларымен бөлісті. Нәтижесінде бір келісімге келіп, хаттамалық шешім қабылдады.
Айта кетейік, семинар-кеңес қалалық соттың ғимаратында өтті. Байқоңыр қалалық пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері сотқа іс-құжаттар жолдау тәртібін және сотталғандарға аталған Заң бойынша құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Бұл Заң мемлекет тарапынан сотталғандарға деген жан-жақты жеңілдіктер мен ізгілендірулерді қамтиды. Заң талаптары Байқоңыр қалалақ пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған сотталғандардың біршамасына қолданылатындығы айқындалды.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын тауып, әрекеттері жаңа заңның қолданылу аясына сәйкес келетін барлық сотталғандарға құжаттарды рәсімдеуге көмек көрсетілетін болады.

А.ТАНБАЕВ,
Байқоңыр қалалық пробация
қызметі бөлімінің бастығы,
әділет капитаны
16 қыркүйек 2018 ж. 9 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области