Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАЛА ТОЙЫ ТАСБӨГЕТТЕН БАСТАЛАДЫ

ҚАЛА ТОЙЫ ТАСБӨГЕТТЕН БАСТАЛАДЫ


Сыр өңірінің бас шаһары Қызылорданың 200 жылдық мерейтойы Тасбөгет кентінде басталады. Бұған себеп те жоқ емес. Кезінде тағылымды тарихымен елге танымал болған керегелі кенттің 70 жылдығы Сырдың бас қаласының екі ғасырлық мерейлі мерекесімен тұспа-тұс келіп отыр.
«Қос тойың қабат болсын, екі дүниең абат болсын» дегендей мұндағы тұрғындар бүгінде дүбірлі тойға дайындық үстінде. Тасбөгет көшелері асфальтталып, жарық шамдары самаладай жанып, келген қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйламақ.
Кент әкімі Пакуатдин  Шамұратовтың айтуынша, келешекте кенттің бас көшесі барынша әспеттеліп, алуан түрлі жарықшамдар орнатылады. Қала орталығындағы Жібек жолы көшесі секілді көрікті болмақ.
Айтулы мереке 23 қыркүйекте Сәбира Майқанова атындағы мәдениет үйінде өтетін «Сұлу Сырдың егізіндей, сүлейлердің лебізіндей – Тасбөгет» атты аймақтық ақындар айтысынан басталады. Сол мерейлі сәтте «Тұран өңіріндегі Тасбөгет» кітабы мен «Тасбөгет – киелі мекен» атты жаңа әннің тұсаукесері болады.
Салтанатты шара орталық алаңда гір тасын көтеру, қол күрес, армрестлинг, асық ату және өзге де спорттық жарыстармен жалғасады. Келген құрметті қонақтарға кент орталығындағы Шахмардан Есенов көшесі мен өзге де көрікті жерлер көрсетіледі. Бұған қоса, қазақша күрестен облыстық турнир ұйымдастырылады.
Осылайша, ұлттық спорт түрлерінен өткізілетін жарыстар мерекенің ажарын аша түседі. Мұнан соң көрермендер «Сырдың әрі, жырдың нәрі – Тасбөгет» атты елімізге танымал эстрада жұлдыздарының өтетін гала концертті тамашалайды.
Г. АСҚАРҚЫЗЫ




15 қыркүйек 2018 ж. 8 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области