Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСІП, ОЙ БӨЛІСТІ

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСІП, ОЙ БӨЛІСТІ


     №8 Осипенко атындағы мектепте «Сыбайлас жемқорлық –әлеуметтік қауіпті көрініс» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
    Кездесуге «Нұр Отан» партиясы «Теміржол» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Базар Танбаева, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Бағдат Искенов, айтыскер ақын Мамыр Байдәулетов, Қамқоршылық кеңестің төрағасы Әбунәсір Алдабергенов келді
    Кездесу барысында қатысушылар Елбасы мақаласында баса айтылған ұлттық кодымызды сақтау рухани тәрбиелеуден бастау алу керектігі жайлы, жас буынның жат нәрсеге қызықпай, жаман ағымдардың жетегінде кетпеуі қажеттігі жөнінде орамды ойлармен бөлісті. Оқушыларды өз елінің патриоты болуға үндеді. Сонымен қатар тақырып аясында «Оқушы көзімен» атты суретшілер байқауына ұсынылған суреттерге баға беріліп, шәкірттердің тақырыпқа қатысты жазған шығармалары талданды.
    Одан әрі 5-6 сынып оқушыларынан құралған би топтарының флешмобы ұйымдастырылып, жемқорлық туралы бейнеролик көрсетілді.
    Көпбалалы теміржолшы отбасынан шыққан 1А және 1Б сынып оқушылары Жансерік пен Русланның салған туындылары үздік шығып, оларға 17 түрлі қажетті құрал жабықтар салынған мектеп сөмкесі сыйға берілді. Жиын соңында сурет байқауында ерекше көзге түсіп, үздік шыққан 4 оқушыға Алғыс хат табысталса, шығармашылығымен ерекшеленген 4 оқушыға диплом табысталды.
    Мектеп директоры Қарлығаш Төлеуова оқушылардың рухани таным –түсінігін дұрыс қалыптастыруға, патриотизмге тәрбиелеуге үлес қосқан қонақтарға алғысын білдірді.








10 қараша 2017 ж. 597 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области