Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » СУБСИДИЯЛАУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ИГІЛІГІ

СУБСИДИЯЛАУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ИГІЛІГІ


Ауыл шаруашылығы министрлігінің бекіткен minagro.kz веб порталы арқылы Жаңақорған ауданының шаруашылық құрылымдары тыңайтқыштардың құнын субсидиялау бағдарламасы бойынша мемлекеттік жеңілдіктерді алуға биылдан бастап қол жеткізді.
Бүгінгі таңда 32 шаруашылық құрылымы minagro.kz веб порталы арқылы өтінімдер тапсырып, 39,9 млн теңге субсидиялар төленді. Субсидиялар алуға өтінімдер тапсыру жалғасуда. Бұл туралы аудан әкімі Ғалым Әміреев мәлімдеді.
Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау бағдарламасы бойынша аудандағы 21 шаруашалық құрылымы өзі өндірген және сатып алған ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарына және жеміс-жидек ағаштарының көшеттеріне субсидиялар алуға өтінім тапсырып, 32,8 млн. теңге субсидия алуға қол жеткізді.
Енді асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау жайлына келейік.
Бүгінгі таңда асыл тұқымды мал шаруашылығына субсидиялауға барлығы 230,7 млн. теңге субсидия берілді. Оның ішінде: асыл тұқымды мал сатып алу (644 бас - МІҚ, 3795 - уақ мал, 86 - бас жылқы) – 146,0 млн. теңге.
Мүйізді ірі қара малдың селекциялық жұмыстарына – 62,8 млн. теңге.
Қолдан ұрықтандыруға (181 бас МІҚ, 4355 бас уақ мал) – 5,1 млн. теңге.
Ет өніміне (5815 кг жылқы еті) - 697 800 теңге.
Бұқашықтарды бордақылау алаңына өткізуге – 16,1 млн. теңге субсидия берілді.
12 қыркүйек 2018 ж. 73 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области