Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ – БАСЫМ БАҒЫТ

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ – БАСЫМ БАҒЫТ


Ауылдағы ағайынның қазіргі кәсібі – мал шаруашылығы. Мал басын өсіру, оның өнімін өндіру бағытында жүргізілген жұмыстар нәтижесінде барлық нысандағы ауыл шаруашылығы құрылымдарында мал басының барлық түрінде өткен жылғы есепті кезеңмен салыстырғанда өсім қалыптасуда.
Жаңақорған ауданының әкімі Ғалым Әміреевтің айтуынша, алғашқы жартыжылдықта мал шаруашылығында өндірілген өнім өткен жылмен салыстырғанда біршама артқан. Атап айтқанда, мал мен құстың (тірідей салмақта) союға өткізілгені – 3586,7 тонна. Өткен жылдан 2,6 пайызға артық. Ал, сүт (сиыр сүті) – 6556,1 тонна, өткен жылдан 1,3 пайызға артқан.
Ауданда малды асылдандыру ісі де жолға қойылған. Мысалы, Қыркеңсе ауылдық округіндегі «Бекарыс-Агрофут» ЖШС «Байқоңыр» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК АҚ-мен бірлесіп ет бағытындағы 170 бас асыл тұқымды қашар сатып алды. Осылайша, аталған шаруашылықта асыл тұқымды репрадуктор шаруашылық қалыптастырылды.
Сонымен бірге, аудандағы «Барыс-4» шаруа қожалығы алдағы уақытта «Байқоңыр» ӘКК» ҰК АҚ-мен бірлесіп жұмыс жасауды жоспарлап отыр. «Сәрсенбек» шаруа қожалығы ет бағытындағы 63 бас асыл тұқымды, ал «Мырзалы» шаруа қожалығы сүт бағытындағы 85 бас және «Абай» шаруа қожалығы 50 бас асыл тұқымды қара-ала қашарын сатып алды.
Осылайша, жеке шаруа қожалықтарына мал басын көбейтуге мемлекет тарапынан түрлі бағдарламалар аясында қолдау көрсетілуде.
12 қыркүйек 2018 ж. 110 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области