Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БАҚЫТ СҰЛТАНОВ АСТАНА ӘКІМІ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

БАҚЫТ СҰЛТАНОВ АСТАНА ӘКІМІ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Мемлекет басшысының Жарлығымен Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов Астана қаласының әкімі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорда баспасөз қызметінің Туиттердегі парақшасына сілтеме жасап. ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне жаңа ресми өкіл тағайындалды Әділбек Жақсыбеков «Цесна» корпорациясы» директорлар кеңесінің төрағасы болды Әділбек Жақсыбеков ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметінен босатылды
Бақыт Тұрлыханұлы 1971 жылы Алматы қаласында туған. Қазақ ұлттық техникалық университетін және Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Мамандығы инженер-электрик, экономист.
1994-1997 жж. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жетекші экономисі, мемлекеттік бағалы қағаздар басқармасы бастығының орынбасары - бөлім бастығы.
1996-1997 жж. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жанындағы Қазынашылық мемлекеттік қарыз және кассалық қаржы басқармасы бастығының орынбасары.
1997-1998 жж. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бюджеттік департаменті директорының орынбасары, мемлекеттік сатып алу жөніндегі департамент директоры.
1998-1999 жж. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық департаменті директорының орынбасары.
1999-2002 жж. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бюджеттік департаменті директорының орынбасары, мемлекеттік бюджет департаменті директорының орынбасары, директоры.
2002-2003 жж. - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі бюджеттік саясат департаментінің директоры.
2003-2006 жж. - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің орынбасары.
2006-2007 жж. - Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің орынбасары.
2007-2010 жж. - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі.
Мемлекет басшысының 2010 жылғы наурыздағы Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды.
2012 жылдың қаңтар-қараша аралығында Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметін атқарды. 2012 жылы қарашасынан бастап қазірге дейін ҚР Қаржы министрі болып қызмет атқарды.
«Құрмет» орденімен және екі медальмен марапатталған. Отбасылы, үш бала тәрбиелеп отыр.
Еске сала кетсек, 10 қыркүйекте екі жылдан астам уақыт бойы Астана қаласының әкімі болған Әсет Өрентайұлы Исекешев Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы қызметіне тағайындалды. Қазақстандағы соңғы кадрлық ауыс-түйістер туралы ҚазАқпарат халықаралық ақпарат агенттігінің арнайы айдарынан оқуға болады.


11 қыркүйек 2018 ж. 363 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области