Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЛИЦЕЙ ОҚУШЫЛАРЫ ТІГІН ФАБРИКАСЫНДА БОЛДЫ

ЛИЦЕЙ ОҚУШЫЛАРЫ ТІГІН ФАБРИКАСЫНДА БОЛДЫ


    №10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатында түрлі үйірме мүшелерін тәжірибе алаңына апару жолға қойылған.
    Оқушылардың шеберліктерін шыңдауға септігі тиетін осы бастама аясында «Тігін» үйірмесінің жетекшісі С.Ибрашева оқушыларды «Dalatex» тігін фабрикасына апарды. Тігін фабрикасының директоры Ділмұхаммед Абизов   оқушыларды қарсы алып, фабриканың жұмысымен таныстырды.
    Тігін фабрикасының ашылғанына 1 жыл болыпты. Өндіріс орны басшысының айтуынша «Dalatex» өнімі елімізбен қатар Ресейге шығарылады. Фабриканың Алматы және Шымкент қалаларында филиалдары бар. Өндіріс орнында күніне 2000 дана жейде тігіледі.
    Фабрикадағы жұмыс барысы оқушылардың ерекше қызығушылығын туғызды.
    Олар өз ісіне аса жауапкершілікпен қараған мамандардың жұмысына ризашылықтарын білдірді.





10 қараша 2017 ж. 211 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области