Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЕР ЕСІМІ – ЕЛ ЕСІНДЕ

ЕР ЕСІМІ – ЕЛ ЕСІНДЕ


Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасында өз өмірін халқының болашағына арнаған, өмір жолы өнеге мен тағылымға толы тұлғаларды ұлықтау оларды жас ұрпаққа насихаттау жөнінде баса айтқан болатын.
Осы орайда, арал ауданына қарасты Тоқабай елді мекенінде Қазақ ССР-нің Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Арал ауданының құрметті азаматы Қуаныш Бердімағанбетовтың 85 жылдығына орай еске алу шарасы өткізілді.
Шара аясында ауыл орталығындағы жаңадан ашылған демалыс саябағында Қ.Бердімағанбетовтың ескерткіш мүсіні ашылып, орталық көшеге еңбек майталманының есімі берілді.
Театрландырылған қойылымнан басталған шарада марқұммен қызметтес болған, көзін көрген ақсақалдар еске алып, естеліктерімен бөлісті.
Мұнан соң жиналған қауым №248 орта мектебінде ерен еңбек иесінің өмірінен және еңбек жолынан сыр шертетін мұражай экспонаттарымен танысып, танымдық конференцияға қатысты. Конференцияны аудан әкімінің орынбасары Рүстем Өтешов жүргізді.
Жиын барысында көпшілік мал шаруашылығын өркендетуде, ел қазынасын тасытуда ерен еңбегімен ерекше көзге түсіп, абырой биігінен көріне білген тұлға өмірінен кеңірек таныс болды.
Еске алу шарасы марқұмның рухына құран бағыштап, ас беру рәсімімен жалғасты.





10 қыркүйек 2018 ж. 736 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области