Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР БАНКОМАТТАН КӨБІРЕК АҚША АЛА БАСТАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР БАНКОМАТТАН КӨБІРЕК АҚША АЛА БАСТАДЫ

Ranking.kz мониторингіне сәйкес, алғашқы жартыжылдықта қазақстандықтар төлем карталарынан ел аумағында жалпы саны 6,2 триллион теңге ақша алған.
Бұл былтырғы 2017 жылғы көрсеткіштен 25,4%-ға артық. Соның 84,8%-ы немесе 5,2 триллион теңге банкоматтардан алынған, бұл жағынан да көрсеткіш былтырғы жартыжылдыққа қарағанда 28,7%-ға артық. POS-терминалдар арқылы ақша алу көлемі 9,8% артып, 932,9 миллиард теңгеге жетті. Бүкіл республикада төлем карталарынан қолма-қол ақша беру көлемі артқан. Дегенмен бұл ретте көшбасшы Алматы облысы болып отыр. Өңірде үстіміздегі алғашқы алты айда бұл көрсеткіш 34,6% өсіп, 281,4 миллиард теңгені құраған.
Бір айта кетерлігі, картадан қолма-қол ақша алудың басым бөлігі банкоматтардың үлесіне тура келсе де, маусым айында олардың жалпы саны 8,8 мыңды құрады. Бұл өткен айдағыға қарағанда 1,1 мыңға аз. Қолма-қол ақша алу транзакцияларының жылдық мөлшері 14,4% артып, 129,4 миллионды құрады, соның 122,3 миллионы банкоматтардың үлесіне тура келеді (жылдық өсім – 16,7%). POS-терминал арқылы жүргізілген транзакциялардың мөлшері, керісінше, 14,7%, яғни 7,1 миллионға қысқарған. 2018 жылдың қаңтар-маусым айларында транзакциялардың орташа чегі 47,5 мың теңге болды (былтыр бұл көрсеткіш – 43,4 мың теңге болатын). Банкомат арқылы орташа 42,7 мың теңге (былтыр – 38,7 мың теңге) алынса, POS-терминал арқылы жүргізілген транзакциялардың орташа чегі 131,3 мың теңгені (былтыр – 102 мың теңге) құраған.



05 қыркүйек 2018 ж. 232 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области