Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЕРТЕҢГІ КҮННІҢ БАҒДАРЫ

ЕРТЕҢГІ КҮННІҢ БАҒДАРЫ


Мемлекет басшысы жыл сайынғы Жолдауларында агросаланы дамытудың жолдарын айтып келеді. Ауыл шаруашылығы саласы – ауыл экономикасының басты тірегі екені белгілі.
Ел байлығының негізі саналатын аграрлық саланы жандандыру, оған жаңа технологиялар енгізу, агроөнеркәсіп кешенін ғылымға негіздеу жайы – Елбасының назарындағы мәселе.
Шиелі ауданы ауылшаруашылық бөлімі мамандарының айтуынша, осы жылдың алғашқы жартыжылдығында аталған аудан бойынша, барлық төрт түлік мал басы санында өсім бар. Атап айтсақ: мүйізді ірі қара 55688, қой мен ешкі 91041, түйе 1469, жылқы 14925 бас және аудандағы құс саны 38091-ге жетіп отыр.
Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара – 113,7 %, қой мен ешкі – 110,7 %, түйе – 104,7 %, жылқы – 107,9 % және құс – 140,5 %-ке өскен.
Мемлекеттік қолдаудың арқасында асылтұқымды ірі қара 602 басқа, асылтұқымды қой 8272 басқа, жылқы 144 басқа және түйе 380 басқа жеткен.
Алдағы уақытта мал басын молайта отырып, олардың амандығын да назарда ұстау қажет. Оның бір жолы – жаз айларында мал азығының берік қорын жасау екендігі түсінікті. Бұл шаруа қандай дәрежеде атқарылып отыр?
Тағы да мамандар мәліметіне назар аударып көрелік. «2018-2019 жылдың қысына мал азығының қорын жасақтау мақсатында шөп дайындау межесі 113 мың тонна болды. Нақты кезеңде жоңышқа шөбінің екі орымы орылып дайындалды, орта өнім гектарына 70 центнерді құрады.
Аудан бойынша барлығы 70,2 мың тонна шөп жиналды. Оның ішінде жоңышқа 33 мың тонна, табиғи шөп 37 мың тонна. Бүгінгі күнге жоспар 62 %-ке орындалып отыр. Шаруалар мал қыстатуға арналған қора-жайын әзірлеп, дайындық жүргізуде», – дейді ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары.
Мал азығын дайындау науқанында Ақмая, Төңкеріс, Бидайкөл шаруа қожалықтары қалыпты еңбек ұйымдастыра біліп, аудан бойынша алдыңғы қатардан көрініп келеді. Өзгелерінің де осы озық шаруашылықтар қатарына теңелуге күш салғаны артық болмас еді.
Биылғы жылы Шиелі ауданында 9904 гектарға малазықтық дақылдар егілген екен. Оның ішінде 3035 гектары жаңа жоңышқа, 6869 гектары ескі жоңышқа. Алайда, жоңышқа бағасы жылдағыға қарағанда анағұрлым жоғары. Кіші тайланған шөп бумасы 350-380 теңгеге саудаланады.
Демек, екпе шөптің көлемін қысқартпай, арттыра түсу шаруашылықтар үшін пайдалы болмақ деген сөз. Бұл ертеңгі күннің бір бағдары десек, артық болмас.

Шиелі ауданы
22 тамыз 2018 ж. 444 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области