Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАЗАҚСТАНДА МОБИЛЬДІ ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАР САНЫ КҮРТ АРТТЫ

ҚАЗАҚСТАНДА МОБИЛЬДІ ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАР САНЫ КҮРТ АРТТЫ


Биыл Қазақстанда ұялы телефондарды пайдаланушылар саны артты. Бұл туралы Energyprom.kz. мониторингтік агенттігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.
«Мобильді байланыс қызметтерінің көлемі бір жыл ішінде 2 пайызға, абоненттер саны - 5 пайызға, ал мобильдік интернет пайдаланушылары бірден 12 пайызға артты», - делінген хабарламада.
Белгілі болғандай, әрбір абонент ұялы байланыс операторларына 7 айдың ішінде орташа есеппен 5 мың теңге шамасында төлеген. Жалпы, 7 айдың қорытындысы бойынша мобильдік байланыс қызметтері 127,3 млрд теңгеге жетті, бұл өткен жылдағы көрсеткіштен 2 пайызға жоғары.
«Ағымдағы жылы өсім қызмет көлемінде және пайдаланушылар санында болды. Шілде айында ұялы байланыс абоненттері саны 27,3 миллионға жетті. Бір жыл бұрын осы көрсеткіш 26 млн деңгейінде еді», - деп атап өтілген агенттік мәліметінде.
Сонымен қатар, интернетке қосылған ұялы байланыс абоненттері 14,1 миллионды құрады, өткен жылы бұл көрсеткіш 12,6 миллион болды.
Орташа есеппен алғанда, әрбір абонент байланыс операторларына 7 айдың ішінде 4,7 мың теңге төледі. Бұл өз кезегінде былтырғы деңгейден біршама төмендеу, яғни 2017 жылы әр абонент 4,8 мың теңге жұмсаған еді.
19 тамыз 2018 ж. 275 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области