Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «ҚАЗАҚСТАННЫҢ 100 ЖАҢА ЕСІМІ»: СЫМБАТ ӘБДІРАХМАНОВА

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ 100 ЖАҢА ЕСІМІ»: СЫМБАТ ӘБДІРАХМАНОВА


    Сымбат Нұртазақызы Әбдірахманова ешқандай артық шығынсыз-ақ балаларға арналған қазақ тіліндегі дамытушы мультфильмдер құрастырған жас маман. Аудармашы, психолог.
    Сымбат 2008 жылы парсы тілі бойынша Орта Азиялық олимпиадада І-орын алған. «Педагогикалық ізденіс» ғылыми-әдістемелік журналының редакция алқасының мүшесі. Ол тілінде мүкістігі бар балаларға арналған бірнеше мультфильмдердің авторы. Мәселен, «Дыбыстарды машықтандыру», «Көңілді түстер» деп аталса, «Логоритмика» әдістемелік құралы сондай-ақ  «Компьютерлік психодиагностика» атты жасөспірімдер арасындағы психологиялық өзгерістерді анықтауға арналған жобаның авторы.  «Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтер превенциясы» БҰҰ балалар қоры (ЮНИСЕФ) жобасының  координаторы.
    Сымбат Нұртазақызы 1988 жылы 10 желтоқсанда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар мен Әлем тілдер университетінде 2005-2009 жылы филология мамандығы бойынша, 2007 жылы Иран мемлекетінің Таботабои университетінде арнайы біліктілік арттыру курсында білім алды. 2007-2009 жылдары Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы елшілігінде аудармашы қызметін атқарды. 2009-2011 жылдары «ілеспе аудармашы» мамандығы бойынша магистратурада білімін шыңдады. 2012 жылдан бастап Қызылорда облысының білім басқармасы жанындағы облыстық оқу орталығында «Әлеуметтік педагогикалық қызмет» бөлімінің меңгерушісі қызметін атқаруда.
    2016 жылы Испания мемлекеті, Овьедо қаласында өткізілген 16-шы "Суицид және суицидалды әрекет" тақырыбында еуропалық симпозиумында "Қазақстандағы кәмелетке толмағандар арасында суицидтердің алдын-алу: Қызылорда облысының тәжірибесі" тақырыбында Қазақстаннан тұңғыш баяндама жасап, өз тәжірибесін әлем сарапшыларымен бөлісті.
    – Әрбір шығармашылыққа жаны құмар адам, өз туындысын дайындағанда, сол туынды пайдаға жараса, қолданысқа ие болса деп тілейді. Себебі, әр туындыны жасауда, алдымен басқа идея, ол идея баста пісіп-жетіліп, іске асамын дегенше қаншама уақыт, ізденіс, жүйке жүйесі кетеді, оған барлық жүрегінді, ойынды, сезіміңді арнайсың. Қазіргі күні, жасаған жобаларымның пайдаланылып жатырғанын көрген кезде, еңбегім ақталыпты, жоба өз мақсатына жетіпті деп қуанамын. Себебі, еңбек етсең, оның нәтижесі болары хақ,– дейді Сымбат.

08 қараша 2017 ж. 283 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области