Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҮЕҰ МҮШЕЛЕРІ ҮНДЕУ ЖАРИЯЛАДЫ

ҮЕҰ МҮШЕЛЕРІ ҮНДЕУ ЖАРИЯЛАДЫ


    Аймағымызда облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысымен «Руханиятты қолдау» қоғамдық қоры «Туған жерге тағзым» акциясының іс-шаралары өткізіп жатыр. Жалпыұлттық патриотизмнің өзегі іспетті акция ізгі ниеттер мен шараларды жүйелеп, ортақ игілікке айналдыруды көздейді.
    Бүгін осыған байланысты Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте ҮЕҰ жетекшілері мен қоғам белсенділері шараға белсене қатысуға шақырды.
    «Руханиятты қолдау» қоғамдық қорының төрағасы Ғ.Тұяқбаев, “Қызылорда облысының Азаматтық Альянсы” қауымдастығының төрағасы А.Сунгур, «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының директоры Ж. Тұсмағанбетов, блогер Е.Мұсаев қатысқан брифингте Елбасының  «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласынан туындайтын міндет әркімге ортақ екендігі айтылды. Мәңгілік елдің еңсесін көтерген ел бірлігін нығайта түсетін акцияның баянды болуы барлығымызға байланысты екендігі сөз болды.
    Брифингке қатысқандар Мемлекет басшысының «Патриотизм - кіндік қаның тамған жеріңе, өскен аулыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады»  дегенін негізге ала отырып Үндеу жариялады.

08 қараша 2017 ж. 181 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области