Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАРМАҚШЫДА ДИҚАН ҚАУЫМЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ҚАРМАҚШЫДА ДИҚАН ҚАУЫМЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ


    Егін науқанын табысты аяқтаған Қармақшы диқандары құрмет төрінен көрініп, марапат иеленді.
     Биылғы жылы аудан бойынша 23702 гектар жерге ауылшаруашылық дақылдары егілсе, оның 14209 гектары күріш дақылы. Өткен жылмен салыстырғанда жалпы егіс көлемі 2017 гектарға, ал күріш көлемі 184 гектарға ұлғайды. Сонымен қатар,  мал азығындық дақылдар, жаңа жоңышқа, бақша, көкөніс, мақсары алқабы да көбейіп,, мемлекеттік қолдау шаралары аясында егін шаруашылығына 655,79 млн. теңге субсидия берілді.
    Аудан диқандарының ала жаздай еңбегі ақталып, 14209 гектар күріштің әр гектарынан 59,5 центнерден өнім алынды. Қамбаға 84543 тоннадан астам Сыр маржаны құйылды. Бұл еліміз егемендік алған жылдардың ішіндегі ең жоғары көрсеткіш болып отыр. Сондай ақ, жаздық бидайдан 2424 центнер, мақсарыдан 1960 тонна, картоптан 9512 тонна, бақша дақылдарынан 11220 тонна өнім жиналса, 60000 тонна мал азығы шөп дайындалды.
    Күзгі егін жинау жұмыстарына 151 трактор, 95 комбайн, 75 жатка, 62 жүк автокөлігі және 139 трактор тіркемесі жұмылдырылды. Жыл сайын облыс бойынша жеңімпаз атанып, жарыстың алдын бермейтін Нұрлан Іздібаев бастаған «Ақтөбе и К» ЖШС ұжымы, Орынбасар Төлепов басшылық жасайтын «Жаңажол» серіктестігі мен Пірмантаев Нұржан жетекшілік ететін «Тұрмағамбет» ЖШС және Арифов Миляр басқаратын «Достық Жер МК» ЖШС биылғы жылы да шабысынан жаңылмай аймақтағы шаруашылық құрылымдары арасынан мәре сызығын алғашқылардың бірі болып қиды.
     Мал басын өсіру, мал өнімдерін өндіру бағытында жасалып жатқан жұмыстар нәтижесінде ет, сүт көлемі артып, «Қармақшы» ЖШС, «Ибрагим» шаруа қожалықтары түйе малын асылдандыру ісінде оң нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Сондай-ақ «НұрБерЕр», «Абылай», «Саяжан», «Ернұр», «Рахман», «Ертілеу», «Нұрислам» және «Бертай» шаруа қожалықтары да «Сыбаға» бағдарламасы бойынша сиыр малын өсіруге жұмыс жасап отыр. «Жыраулар үйі» алаңында аудан өнерпаздарының аймақ ауылшаруашылығы саласы майталмандарына арнаған қойылымымен басталған мерекелік салтанатты шараға аудан әкімі Сұлтан Мақашов қатысып, биылғы жылғы егін жинау науқанында үздіктер көшін бастаған егіншілер мен ауыл шаруашылығы саласының басқа да түрлері бойынша озат атанған сала майталмандарына Алғыс хат табыстап сый-құрмет көрсетті.
    Салтанатты шарада аудан көркемөнерпаздары ән мен жырдан шашу шашып, жиналған жұртшылыққа мерекелік көңіл-күй сыйлады.


08 қараша 2017 ж. 166 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области