Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА «ҚАУІПСІЗ ЖОЛ» ШАРАСЫ ӨТТІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА «ҚАУІПСІЗ ЖОЛ» ШАРАСЫ ӨТТІ


Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларын болдырмау, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерінің алдын алу мақсатында облыс көлемінде «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Аталған шара 2018 жылдың тамыз айының 8-10 күндері аралығында жүргізілді.
«Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы аясында жол-көлік оқиғаларының артуына септігін тигізетін жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу жағдайларын анықтау, автокөлік жүргізушілерінің жаяу жүргіншілерге жол бермеу деректерінің алдын алу, профилактикалық бағыттағы жұмыстарды барынша жандандыруға және жолын кесуге бағытталған бірқатар рейдтік және алдын алу шаралары өткізілді.
Осы үш күн ішінде барлығы 1377 құқық бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде 42 дерек техникалық байқаудан өтпеген күйінде басқарғаны үшін ( 590 б.), 168 -көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонмен сөйлескені үшін ( 591 б.), 186 – белгіленген жылдамдық мөлшерін арттыру ( 592 б.), 273 – қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін ( 593 б.), 24 - көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін ( 608 б.).
Аталған іс-шараға Жергілікті полиция қызметінің жеке құрамы жұмылдырылып облыс жолдарында автопатрульдер күшейтілген түрде жұмыс атқарды.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі
10 тамыз 2018 ж. 74 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области