Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » МАМАНДЫҚ ТАҢДАУДЫ БҮГІННЕН БАСТА

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУДЫ БҮГІННЕН БАСТА


    Қызылордадағы №10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатында оқушыларға кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында «NARXOZ challenge» университетінің мамандарымен кездесу өткізілді.
    Кездесуге университеттің Қызылорда аймақтық қашықтықтан оқыту орталығының директоры Жанар Жаналиева және студенттері Махамбет Әбілдинов,  Аяжан Рамазанқызы, Аделя Қуандықова мен Анжела Пак қатысты.
    Кездесу барысында лицей-интернат шәкірттеріне университеттің тыныс-тіршілігі, мемлекеттік гранттан бөлек берілетін жеңілдіктер туралы айтылды.
    Лицей түлектерінің 10-15 пайызы университеттің грант иегерлері екендігін айтқан оқу орны өкілдері, шәкірттерге сапалы білім берген  ұстаздарға алғыстарын білдірді.


08 қараша 2017 ж. 297 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области