Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БИЗНЕС-ЖОБАЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

БИЗНЕС-ЖОБАЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ


    Қызылорда қаласының әкімдігі қаланың сол жағалауына жобаланған барлық бизнес жоспарларды бірге қарап, қолдау көрсетуге дайын, деп хабарлайды 24 kz телеарнасы.
     Бүгінгі таңда өңірде аумағы мың жарым гектарды құрайтын жаңа қаланың құрылысы басталып кетті. Қазірдің өзінде 18 көпқабатты тұрғын үй мен 320 орындық балабақша бой көтерді. Жалпы сол жағалауда 3 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй, 16 мектеп, 12 бөбекжай, 4 денсаулық сақтау нысаны және сауда орталықтары салынады деп жоспарланған. Шіркейлі каналының үстінен көпір түсіп, сол арқылы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізіне тікелей шығуға мүмкіндік туады. Облыстық кәсіпкерлер палатасы өз тарапынан кәсіп ашуға ниетті жандардың бизнес жоспарын тегін жасап бермек.
    – Сол жағалау сәулетіне үлес қосам деген азаматтарға жерді аукцион арқылы тапсырып жатырмыз. Жер телімі бастапқыда 1 жылға беріледі. Құрылыс басталып, ары қарай қызу құрылыс қарқын алғаннан кейін өздерінің аттарына аударып береміз. Өйткені көп кәсіпкерлер, өкінішке қарай, жерді алады да құрылыс салынбай, бос тұрады. Сондай жағдай қайталанбас үшін 1-кезекте 1 жылға беріп жатырмыз,- дейді қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев.
 
08 қараша 2017 ж. 160 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области