Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «ҚАЗПОШТА» МЕН ALIEXPRESS ЖАҢА КАРТАНЫ ТАНЫСТЫРДЫ

«ҚАЗПОШТА» МЕН ALIEXPRESS ЖАҢА КАРТАНЫ ТАНЫСТЫРДЫ


Жаңа өнімді  бүгін AliExpress және Visa компаниялары өкілдерінің қатысумен «Қазпошта» АҚ пошта операторы таныстырды.
Іс-шараға «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов, Қазпошта топ-менеджерлері Азат Машабаев, Айнұр Күнхожаева, Асқарбек Алшанбаев, AliExpress өкілі Даш Бинамра, Visa өкілдері Ғалым Табылдиев, Саида Нұр, еліміздің жетекші банктері, сақтандыру және логистикалық компанияларды, ұялы телефон операторларын қамтитын серіктес компаниялардың өкілдері, сондай-ақ блогерлер мен Астана кәсіптік қоғамдастығының мүшелері қатысты.
«Біз онлайн-ритейл саласындағы жаһандық алыппен кездойсақ ынтымақтастық орнатқан жоқпыз. Alibaba концерні соңғы жылдары бүкіл әлем бойынша электрондық сауданы дамытудағы драйвер болып табылады. Ал қазір әлемдегі ең басты трендтердің бірі, бүгінде жер шары тұрғындарының тең жартысы интернет арқылы сауда жасайды десек артық емес. Қазақстандықтар арасында кеңінен танымал дүкендер дәл осы Аliexpress онлайн-алаңында жұмыс істейді. Біз, әлбетте, бұл фактіні елеусіз қалдыра алмаймыз және әлем бойынша интернет-дүкендерден сауда жасайтын өз азаматтарымызға қолайлы жағдай жасауға тырысамыз. Біз Қытайдан сәлемдемелер жеткізу мерзімін 18-25 күнге дейін қысқарттық, оларды бүкіл жүру жолында қадағалап отырамыз, шығыс пен батыс арасында транзитті жолға қойдық, осылайша барлық қажетті инфрақұрылымдарды жасай отырып, қазақстандағы  e-commerce нарығын жаңа деңгейге көтеруге талпынудамыз», – деді  өз сөзінде «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов.
«AliExpress  Alibaba Group-тың  бір бөлігі бола отырып, әрқашан компаниялар мен адамдардың дамуына және өз бизнестерін дамытуға көмектесуді өз басым мақсаты ретінде қояды. Біз өз клиенттеріміз бен серіктестерімізді қашанда жоғары бағалаймыз. Қазақстан – экономикасы  жылдам дамушы мемлекет және электрондық коммерция енді ғана дамып келеді және тез қарқын алуда. Біз жергілікті сатып алушылар үшін көптеген құндылықтар ұсынатын лайықты серіктесті көптен бері іздедік. Осылайша жақсы логистикалық компания әрі банк болып табылатын Қазпоштаны таңдадық. Біз осы кобрендингтік картаны бірлесіп шығарып отырмыз, ол клиенттер үшін таңдау мүмкіндігін, барынша тез және сапалы жеткізуді және тұрақты сатып алушылары үшін жеңілдіктер ұсынады. Осы кобрендингтік картаны шығару – AliExpress және Kazpost арасындағы ынтымақтастықты дамытудағы тағы бір маңызды қадам және бұл қадамның танымал жаһандық сауда алаңы ретіндегі AliExpress-тің позициясын, Қазақстандағы үздік логистикалық компания ретіндегі  Kazpost позициясын бекем ететіндігіне сенеміз», - деді AliExpress компаниясының бизнесті дамыту бойынша бас менеджері Бинамра Даш.
Таныстырылым барысында «Қазпошта» АҚ бизнес жөніндегі басқарушы директоры Азат Машабаев жаңа картаның көмегімен AliExpres-те тауарға тапсырыс беру мен сатып алу процесін көрсетті, сондай-ақ қытайлық интернет-алаңдарынан тауарға тапсырыс беру мен  сатып алу кезінде карта иелеріне ұсынылатын артықшылықтар туралы да айтты.
«Aliexpress – мыңдаған сатушы миллиондаған тауарларын ұсынатын жаһандық интернет-алаң. Бұл жерден сіз жалғыз батырманы басып-ақ барлығын: дизайнерлік көйлектер мен костюмдерді, тіпті сабақты жіпке дейін сатып ала аласыз. Қазақстандықтар қытай дүкендеріндегі тегін жеткізіп беретін интернет-шопингтің барлық артықшылықтарын қазірдің өзінде бағалап отыр, сондықтан біз одан әрі алға қадам басып, Kazpost/Aliexpress бірлескен төлем картасын шығардық. Картаның дизайны әдемі, әрі оның функционалы қазақстандық интернет-шоппер үшін тиімді», – деді Азат Машабаев.  Ол картаның артықшылықтары қатарында әрбір сатып алуға 1,5%кэшбек, Қазпошта терминалдары арқылы қаражатты тегін алу және толтыру, картаны тегін шығару және үйге жеткізіп беру, сондай-ақ SMS-хабарлама қызметін тегін қосу және пайдалану бар екенін айрықша атап өтті.
Сондай-ақ Азат Машабаев Visa-мен бірлесіп өткізілетін акция туралы да хабарлады, оның талаптарына сәйкес 2017 жылғы 2 қарашадан бастап 2017 жылғы 24 желтоқсан аралығында  жалпы сомасы 1500 АҚШ долларына операция жасаған AliExpress картасын ұстаушылар арасында 5000 АҚШ доллары сомасы сертификатына ұтыс ойнатылады. Ұтыс ойыны 2017 жылғы 25 желтоқсанда өткізіледі.
Бұдан өзге картаны ресімдеген және POST.kz сайтында 1 және одан да көп операция жасаған  алғашқы 100 клиентке 2017 жылғы 25 желтоқсанда 100 АҚШ доллары сомасы сертификатына ұтыс ойнатылады.
Қазпошта өкілдерінің сөзінше, әлемдегі электрондық сауда нарығының көлемі 1,9 трлн. долларға жақындады, осы орайда Қазақстандағы электрондық сауда нарығы 500 млн. долларға жуықтады. Егер әлем бойынша тұрғындардың шамамен 20% интернет-сауда жасайтын болса, ал Қазақстанда жыл сайын тұрғындардың тек 5% жергілікті және шетел интернет-алаңдарының тауарлары мен қызметтерін сатып алады. Десек те Қазақстандағы e-commerce-тің жыл сайынғы өсу қарқыны бүгінде 30%-тен асты. Мысалы, 2 млн-ға жуық қазақстандық сатып алушы Аliexpress-те жыл сайын интернет-сауда жасайды, бұл ретте барлық тапсырыстардың жартысынан көбі Алматы мен Астананың үлесіне тиеді.





08 қараша 2017 ж. 184 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области