Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » СУ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

СУ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА


Қызылорда облысында экономикалық-әлеуметтік дамуы жолындағы атқарылып жатқан жұмыстарының тағы бір маңызды бағыттарының бірі – суармалы жерлердің су шаруашылығы инфрақұрылымын қалыпқа келтіру. Аймақта суармалы жер су инфрақұрылымын қалпына келтіру жұмыстары жүйелі түрде жалғасып жатыр.
Бүгінде облыс бойынша ирригациялық және дренаждық инфрақұрылымның нашарлауы салдарынан суармалы жерлердің төрттен бір бөлігі пайдаланылмай отыр.
Біздің аймақ Сырдария өзенінің төменгі ағысында орналасқандығын және жоғарыда орналасқан көрші мемлекеттердің шешімдеріне толықтай тәуелділігімізді ескеретін болсақ, ирригациялық және дренаждық жүйелерді жаңғырту стратегиялық сипатқа ие болады. Судың қажетті көлемімен қамтамасыз етілген 188 мың га суармалы жерді қалпына келтіруге бағытталған үш жобаны жүзеге асыру үшін жүйелі жұмыс атқарылып жатыр.
Жеке алғанда, екінші фаза шеңберінде Ауыл шаруашылығы министрлігінің бастамасымен «Ирригациялық және дренаждық жүйені жетілдіру» жобасының екінші фазасы 2017 жылы Жалағаш ауданындағы 15 мың га су шаруашылығы нысандарын төлқұжаттауды аяқталып, олар республиканың меншігіне өткізілді. Енді қазіргі уақытта ирригациялық жүйені қалыпқа келтіру үшін республикалық бюджеттен 16 млрд теңге инвестиция тарту жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.
Сонымен қатар, былтырғы жылы облыстың барлық аудандарында тағы да 29 мың га суармалы жердің гидротехникалық құрылысын төлқұжаттау аяқталды. Бүгінде Жалағаш, Жаңақорған және Қазалы аудандарының нысандары республикалық меншікке толығымен берілген, басқа аудандар бойынша бұл жұмыстар аяқталып келеді. Бұл өңірге халықаралық қаржы ұйымдары арқылы нысандарды қалыпқа келтіруге 13 млрд теңге инвестицияны тартуға мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, жобаның үшінші фазасын іске асыру аясында ағымдағы жылы тағы 144 мың га ирригациялық жүйені төлқұжаттау басталды. Қазақстан бойынша Үкімет жоспарына сәйкес осы жоба шеңберінде 4 облысқа тиесілі 312 мың га жер қамтылады. Облыстық құрылымдардың жүргізген мақсатты жұмыстарының нәтижесінде жобаға сай қайта қалыпқа келтірілетін жердің 50%-ке жуығы Қызылорда облысының үлесіне тиіп отыр. Бұл – болашақ үшін жақсы негіз.
07 тамыз 2018 ж. 593 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области