Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЕСКЕРТКІШ МАҢАЙЫНДА СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

ЕСКЕРТКІШ МАҢАЙЫНДА СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРДЫ


    Қазақстан коммунистік халықтық партиясы облыстық филиалының өкілдері азаматтық соғыс батырларына орнатылған ескерткіш маңайында сенбілік ұйымдастырды.
    Орталық базар жанындағы ескерткіштің мүшкіл халін қалалықтар жиі айтатын. «Невада-Семей» қалалық бірлестік жетекшісі Бархан Ақылбаев осыған байланысты тиісті орындарға хат та жазған екен. Осыдан кейін ғана обелиск әктеліп, маңайы ретке келтіріліпті.
    Партия мен ҮЕҰ өкілдері ескерткіш жанын тазартып, жастарды тарихты қадірлей білуге шақырды.  
    - Бізді мектепте өткен тарихты ұмытпауға, керісінше ұлықтауға үйретті,– дейді партияның облысты филиалы жетекшісі Талғат Телеубаев. – Әрине, Қазан төңкерісі мен азаматтық соғыстың зардабы аз емес. Бірақ, сол дәуірдің адамдары осы жолда жанын қиды. Сондықтан да біз мұны ұмытуға тиісті емеспіз.
    Сенбілік соңында жиналғандар төңкеріс жолында құрбан болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.



07 қараша 2017 ж. 577 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области