Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ДӘСТҮРІМІЗДІ ДӘРІПТЕУ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ДӘСТҮРІМІЗДІ ДӘРІПТЕУ


Ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» стратегиялық мақаласында атап өткендей, ұлттық құндылықтарымызды сақтау арқылы болашаққа нық қадам басу мемлекетіміздің негізгі мақсаты болуы керек. Бүгінде, республика көлемінде аталмыш бағдарлама аясында түрлі іс-шаралар өткізілуде.
Осыған орай, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешіті жанындағы асханада, жамағаттың ауызбіршілігін арттыру мақсатында, әр бейсенбі сайын тұрақты түрде жайылатын дастарқан басындағы уағыздың кезекті тақырыбы «Рухани жаңғыру – дәстүрімізді дәріптеу» болды.
Дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы Б.Оспанов жамағатқа дәстүр мен дін сабақтастығы, атап айтар болсақ, атқа міну, бүркіт ұстау, асық ойнау, кимешектің пайдасы секілді қазақ халқының исламға негізделген өмір сүру үрдісі туралы тарихтан сыр шертіп, тақырыпты жан-жақты мысалдармен өрнектеп түсіндіріп берді.
ҚМДБ-ның Сыр өңіріндегі өкілі Болатбек қажы Ұласқанұлының тапсырмасымен, мемлекеттік бағдарламаға қолдау көрсету мақсатында, «рухани жаңғыру», «ұлттық құндылықтарымызды сақтау», «дәстүр мен дін сабақтастығы», «отбасы құндылықтары» тақырыптарына негізделген насихаттау жұмыстары апта сайынғы ауызашар уағызының жоспарына енгізіліп жамағат арасында тұрақты түрде дәріптелуде.



01 тамыз 2018 ж. 262 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области