Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЭЛЕКТРОНДЫ ФОРМАТҚА КӨШУ АРҚЫЛЫ ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ ЖЕҢІЛДЕЙДІ

ЭЛЕКТРОНДЫ ФОРМАТҚА КӨШУ АРҚЫЛЫ ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ ЖЕҢІЛДЕЙДІ


Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Серік Мұстафаев мәлімдеді.
Қызмет көрсетудің электронды форматқа көшуі бюджетті нығайтудың белгілі бір тетіктерін қамтамасыз етіп келеді. Мәселен, электронды шот-фактура жүйесін бүгінде заңды және дара кәсіпкер барлығы 15570 тұлға қолданып отыр.
"Кедендік декларациялаудың «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесі де қазіргі кезде толықтай қолданыста. 2017 жылдың қазан айынан бастап «транзит» модулі тәжірибеге енгізілген. Содан бері 2035 транзиттік декларация осы жүйеде өңделді. 2018 жылдың 1 қаңтарынан эскпорт режимі, ал 1 сәуірден бастап барлық басқа режимдер электронды жүйеге көшті. 2018 жылдың 6 айында 1198 декларация (100%) электронды түрде ресімделді", - деді С.Мұстафаев.
Жолдау аясындағы жобалардың бірі «Салықтың жиналуын көтеру» бойынша жұмыс қарқыны биылғы жылы да сақталуда. Нәтижесінде, Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2018 жылдың 1 жартыжылдығында шоғырландырылған бюджетке 151,5 млрд.теңге түсім түсуін қамтамасыз етті, бұл өткен жылдың осы кезеңінен 45,8 млрд. теңгеге артық.
Ал, көлеңкелі экономикаға қарсы тұрудың бір тетігі – жалпыға бірдей декларациялау жүйесі 2020 жылдан бастап енгізілетін болады. Бұл жүйені енгізудегі мақсат - жеке тұлғалардың табыстары мен мүліктерін тиімді бақылауға қол жеткізу. Сонымен қатар, азаматтардың табысы мен мүлкінің есебі ашық болуы салықтарды толық төлеуді қамтамасыз етеді және салықтық әкімшілендіруді барынша толық қамтуға мүмкіндік береді.
01 тамыз 2018 ж. 285 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области