Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТІҢ ЖАҢА МӘРТЕБЕСІ

ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТІҢ ЖАҢА МӘРТЕБЕСІ


    Халықаралық аккредиттеуден өткен әлемдегі білім ошақтары қатарын Қызылорда қаласындағы  Назарбаев зияткерлік мектебі толықтырып отыр.
    Естеріңізге сала кетейік, 30 қыркүйекте Қызылордаға халықаралық мектептер (CIS)  ұйымының сарапшы тобы келген еді. Алдыңғы қатарлы білім беру әдістерін әзірлейтін халықаралық білім беру жүйесіндегі ұйым өкілдері сапар аясында мектеп командасының жұмысымен танысты, әкімшілік ғимаратты көріп, оқушылармен кездесіп, олардың ата-аналарымен әңгімелесті.
    Ресей, АҚШ, Венгрия, Катар, Әзірбайжан елдерінен келген топ өкілдері мектептегі білім беру үдерісі мен оқушыларға жасалған жағдайларға баға берді. Сарапшылар сабақтарға, үйірмелік дәрістерге, спорттық секцияларға қатысып, мектептегі тамақтану мәзірін көрді. Жұмысшы топтармен «Оқу және оқыту», «Менеджмент және көшбасшылық», «Мектеп қоғамдастығының мәдениеті және ынтымақтастығы» және «Операциялық жүйелер» стандарттары бойынша әңгімелесу өткізілді.
    Халықаралық аккредитациялау мектептің дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады.  





07 қараша 2017 ж. 363 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области