Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ОБЛЫС ӘКІМІ МЕРЕЙТОЙ ИЕЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ОБЛЫС ӘКІМІ МЕРЕЙТОЙ ИЕЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ


    Биыл белгілі медицина мамандары, медицина саласының белгілі қайраткерлері, Қызылорда қаласы және Қызылорда облысының Құрметті азаматы - Ернияз Омаров 85 жасқа, ал Шиелі ауданының Құрметті азаматы, «Алтын дәрігер» белгісінің иегері Базарбай Атабаев 80 жасқа толып отыр. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев мерейтой иелерін құттықтап, зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі.
    – Ернияз Омарұлы салаға басшылық жасаған тұста қалалық аурухана салынса, Базарбай Асанбайұлы типтік жобадағы облыстық  жұқпалы аурулар ауруханасының, Тұрғанбай Маханұлы теңдессіз екі ғимарат – облыстық диагностикалық орталық пен медициналық орталықтың салынуына тікелей ықпал еткен дәрігер-басшы ретінде өңір тарихында қалып отырғанын ерекше атап өткен жөн, - деді аймақ басшысы.
    Сондай-ақ, дәрігерлерді облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілбек Шаухаманов пен ҚР еңбек сіңірген дәрігері, Қызылорда облысының құрметті азаматы Тұрғанбай Маханов құттықтады.
    Сыр өңірінің денсаулық саласына қосқан зор үлесі үшін Ернияз Омаров Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен, ал Базарбай Атабаев облыс әкімінің алғыс хаты мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен  марапатталды.

07 қараша 2017 ж. 578 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области