Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АҒЗАНЫ ТАЗАРТУ ТЕРІҢІЗДІ ЖАСАРТАДЫ

АҒЗАНЫ ТАЗАРТУ ТЕРІҢІЗДІ ЖАСАРТАДЫ

Сүйікті баспанамызды тазарту – біз үшін дағдыға айналған іс. Ал ағзаңызды дәл осылай тазалайсыз ба? Дәрігерлер анда-санда ішкі құрылысты тазалап тұрудың қажеттігін айтады. Бетіңізді безеу басып бара жатыр ма немесе аллергия мазаңызды алып жүр ме, проблеманы ішкі құрылысыңыздан іздеңіз. Сонымен ағзаны қалай тазалау қажет?
1. Күніне міндетті түрде 1,5–2 литр су ішу керек. Сонымен қатар көк шай, фито шайлар ішу (әсіресе майлы тамақ жегеннен кейін), жемістер мен көкөністерді жақсылап жуып жеуді әдетке айналдырғаныңыз жөн. Алайда сақтық шараларын да ұмытпаған абзал. Мысалы, қан қысымы төмен кісілерге көк шайды көп ішуге болмайды.
2. Кәдімгі белсендірілген көмірді ашқарынға бір стақан газдалмаған минералды сумен бір аптадай ішіп жүріңіз. 1 таблетка 10 кг үшін, мысалы, салмағыңыз 50 кг болса, сіз 5 таблетканы бірден ішесіз. Таңғы асты 1-2 сағаттан соң ғана ішуіңізге болады. Айта кетейік, бұл күндері майлы тағамдардан бас тартқаныңыз абзал.
3. Дәстүрлі әрекет. Ата-анамызға ұнайтын жақсы әдет – ұйықтар алдында айран, қатық ішу. Оны диетологтар да мақұлдайды. Айран денесі ісініп кететін, сондай-ақ қан қысымы жоғары адамдарға да өте пайдалы.
4. Хош иісті ванналар қабылдаңыз. Ол терідегі жиналған зиянды токсиндерді шығарып, тазартады.
5. Моншаға барыңыз. Ыстық булы моншада терлеу арқылы ағзаңыздағы зиянды нәрселерден (шлак, токсин) арыласыз.
6. Уақытыңыз бен қаржыңыз болса, әрине арнайы SPA салондарға барып, кәсіби мамандардың көмегіне жүгіне аласыз.

Massaget.kz
29 шілде 2018 ж. 330 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области