Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖАСТАР – МӘҢГІЛІК ЕЛ БОЛАШАҒЫ

ЖАСТАР – МӘҢГІЛІК ЕЛ БОЛАШАҒЫ


Қармақшы ауданы орталығы Жосалы кентінде «Жастар – мәңгілік ел болашағы» атты аудандық жастар слеті өтуде. Аталған слетке ауданның белсенді жастары, кент, ауылдық округтердегі жастар ісі мен кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі мамандары, ауыл жастары, жұмыссыз жастар, жас кәсіпкерлер қатысты.
Жастар слетінің бағдарламасына сәйкес "Жастар үйінде" "Цифрлы Қазақстан - әлемдік дамудың айнасы" тақырыбында, "Кәсіпкерлер үйінде" "Кәсіпкерлік ұғымы, оның ел экономикасындағы орны" тақырыбында 2 секциялық жұмыс өтіп, онда облыстық жастар ресурстық орталығының маманы Ж.Тасабаев, "GRAND master" бағдарламалау мектебінің директоры А.Қуанышбаев, Қорқыт ата университетінің доценті Н.Құлмырзаев және облыстық кәсіпкерлік палатасының Қармақшы аудандық филиалының директоры А.Шоқбаров тақырыптық хабарламалар жасады.
Қатысушы жастар тарапынан қойылған сауалдар мен ұсыныс-пікірлерге дәріскерлер тиісті жауаптарын берді.
Жастар слетінің жалғасы кешкі "Этноауылда" ашық аспан астындағы "Жастар алауын" жағумен жалғасты.
27 шілде 2018 ж. 1 515 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области