Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ОРТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

ОРТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ


    Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 80 жылдық мерейтойы аясында «Мәдени мұра – рухани құндылық» тақырыбында «Археология және этнография» ғылыми-зерттеу орталығының жұмысы университет студенттері мен жергілікті БАҚ өкілдеріне таныстырылды. Орталық жетекшісі т.ғ.к., Әзілхан Тәжікеев алдымен орталықтың негізгі атқаратын жұмыстары мен маңызын айта келіп, көне дәуірлік мұралардың құндылықтарына тоқталды.
    2004 жылы Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Арал маңының ежелгі және ортағасырлық тарихын кешенді зерттеу мақсатында Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты және Н.Н. Миклухо-Маклай атындағы Этнология және антропология институты арсында үшжақты келісім жасалды. Осы келісім негізінде ортағасырлық Жанкент қаласында және антикалық Шірік-Рабат, Баланды ескерткіштерінде археологиялық зерттеулер жүргізіліп келеді.
    Ал 2005-2007 жылдары орталық қызметкерлері Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мамандарымен бірлесіп, РФ Астрахан облысындағы, Батыс Монғолияның Баян-өлке аумағындағы және Ақтөбе облысындағы этникалық қазақтардың тұрмыс-тіршілігін зерттеу мақсатында құрылған этнографиялық экспедиция жұмыстары жүргізілген болатын.
    Кездесуде БАҚ өкілдері мен студенттерге осы зерттеулер нәтижелері таныстырылып, алдағы атқарылар жұмыстар жайы баян етілді.

07 қараша 2017 ж. 413 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области