Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ОБЛЫС ӘКІМІ «ҚАЙСАР» КОМАНДАСЫН КЕЗЕКТІ МАУСЫМЫНЫҢ ТАБЫСТЫ АЯҚТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ОБЛЫС ӘКІМІ «ҚАЙСАР» КОМАНДАСЫН КЕЗЕКТІ МАУСЫМЫНЫҢ ТАБЫСТЫ АЯҚТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ


    Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев "Қайсар" футбол клубының басшылығы және ойыншыларымен кездесіп, футбол маусымының сәтті аяқталуымен құттықтады.
    "Қайсар" ФК жанкүйерлерінің қуанышына орай, осы жылы команда жоғары нәтижеге қол жеткізе алатынын дәлелдеді. Биыл орталық стадионда 3500 орындық қосалқы алаң пайдалануға берілді, ал келер жылы орталық стадион қайта жаңғыртудан өткізілмекші. Қызылорданың 200 жылдық мерейтойы және клубтың 50 жылдығы қарсаңында ойыншыларымыз барлық Қызылорда облысының футбол сүйер қауымына сый жасап, үздік бестіктің қатарынан көрінеді деген сенімдеміз, - деді облыс әкімі.
    Осыдан кейін аймақ басшысы "Қайсар" футбол клубының жаттықтырушы құрамы мен басшыларын Алғыс хаттармен марапаттады.
    "Қайсарлықтар " 32 тур бойынша 10 жеңіске жетіп, 9 кездесуді тең аяқтап, 13 ойында қарсыластарына жол берді.
    Қабылдауда "Қайсар" ФК бас жаттықтырушысы Стойчо Младенов және команда капитаны Мақсат Байжанов өздерінің облыс басшысының қолдауы мен сенім білдіргендеріне алғыстарын жеткізді.




07 қараша 2017 ж. 436 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области